96
1
сызба
.
Несиенің
қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары
Ақылылық принципі
қарыз алушы кредитті оны пайдаланғаны үшін
тиісті төлеммен банкке қайтаруы тиіс дегенді білдіреді. Несиелеудің
төлемділігі оның мақсаты
–
табыс табу болып табылады. Кредитор тәуекел
дәрежесін ескере отырып, несие капиталына пайыз алуға үміттенеді, ал қарыз
алушы қарыз
бойынша пайыздарды төлеу және өз пайдасын алу үшін
жеткілікті табыс алу үшін қарыз капиталын пайдалануды болжайды.
Пайыздық
-
банктің ақша ресурстарын пайдаланғаны үшін қарыз алушының
ақысы.
Кредиттің қамтамасыз ету қағидаты
банктің өз мүдделерін қорғау,
қарыз алушының төлем қабілетсіздігі салдарынан қарызды қайтармаудан
шығындарды болдырмау үшін құқығының болуын білдіреді. Бұл қағидатты
іске асырудың мақсаты
-
банктің тәуекелін азайту. Қарыз алушы өзіне алған
міндеттемелерді бұзуы мүмкін болған жағдайда кредитордың мүліктік
мүдделері толық көлемде қорғалуға тиіс. Несие белгілі бір нақты қамтамасыз
етуге беріледі
-
кепіл, кепілдік, кепіл болушылық, сақтандыру куәлігі және т.
б. Нақты құндылықтармен қамтамасыз етілмеген банктік кредит банкпен
бұрыннан іскерлік байланыстары және жоғары төлем қабілеттілігі бар жеке
қарыз алушыларға ерекшелік түрінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: