Кредиттің мақсатты бағыттылық принципі
қарыз қаражатын
кредиттік шартпен келісілген нақты мақсаттарға салуды көздейді. Қарыз
алушы несиені басқа мақсаттарға жұмсай алмайды. Несиелеудің мақсатты
сипаты несие берудің белгілі бір шаруашылық объектісіне бағыттылығын
білдіреді. Банк міндетті түрде кредит беру объектілерін, ең алдымен күрделі
салымдармен немесе негізгі өндірістік қызметпен байланысты объектілерді
ажыратуы тиіс.
Кредиттік шарт
-
бұл несие беруші мен қарыз алушы арасындағы шарт,
оған сәйкес банк немесе өзге несие ұйымы (несие беруші) қарыз алушыға
шартта көзделген мөлшерде және шарттарда ақшалай қаражат (несие) беруге
міндеттенеді, ал қарыз алушы алынған
ақшалай соманы қайтаруға және оған
пайыздар төлеуге міндеттенеді.
Несие шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс.
Жазбаша нысанды
сақтамау кредиттік шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Мұндай шарт тең
емес деп саналады. Кредитор қарыз алушыға берілген сома мерзімінде
Несиенің
қайтарымдылығын
қамтамасыз ету нысандары
Кепілдік
Банктің кепілі
Кепілгерлік
Сақтандыру
Цессия
қайтарылмайтынын айғақтайтын мән
-
жайлар болған кезде кредит шартында
көзделген кредит беруден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы. Егер
заңда, өзге де құқықтық актілерде немесе кредиттік шартта өзгеше көзделмесе,
қарыз алушы несие беруден ол туралы кредиторға шартта белгіленген оны
беру мерзіміне дейін хабарлай отырып, толық немесе ішінара бас тартуға
құқылы. Қарыз алушы кредиттік шартта көзделген кредитті мақсатты
пайдалану міндетін бұзған жағдайда кредитор сондай
-
ақ шарт бойынша қарыз
алушыға одан әрі кредит беруден бас тартуға құқылы.
Кредиттік шарттың құрылымы
Жалпы ережелер уағдаласушы Тараптардың атауын, шарттың мәнін,
кредиттің түрін, оның сомасын, мерзімін, мақсатын, пайыздық ставкасын,
кредит үшін пайыздарды есептеу және төлеу тәртібін, кредит бойынша
міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету шарттарын (кепіл, кепілдік,
кепілгерлік, сақтандыру), сондай
-
ақ кредитті беру және өтеу тәртібін қамтиды.
Шартта пайыздық ставканың түрі
—
тіркелген пайыздық мөлшерлеме,
яғни тұрақты, конъюнктуралық жағдайларға байланысты емес немесе кредит
беру мерзімі ішінде өзгеретін құбылмалы пайыздық мөлшерлеме көрсетілуі
тиіс.
Қарыз алушының құқықтары мен міндеттері қолданыстағы заңдардан
туындайды, сондай
-
ақ әрбір нақты мәміленің ерекшеліктерімен, кредиттік
ресурстар нарығындағы жағдайлармен, қарыз алушының кредит
қабілеттілігімен айқындалады.
Банктің қарыз алушы сияқты құқықтары мен міндеттері, олардың
заңмен бекітілгеніне қарамастан, несиелік шартпен де айқындалады.
Тараптардың жауапкершілігі ақшалай ғана емес,
мүліктік
жауапкершілікті де көздейді. Шартта, атап айтқанда, қарыз алушының өзіне
алған міндеттемелерін бұзғаны үшін банктің кредитті одан әрі беруді тоқтата
тұруы, оны мерзімінен бұрын өндіріп алуға ұсынуы, кредит шарты бойынша
беруге көзделген соманы қысқартуы, ол бойынша проценттік ставканы және
т.б. арттыруы мүмкін екендігі көрсетіледі.
Дауларды шешу тәртібі.
Шарттың қолданылу мерзімі, оны ұзарту және жабу мүмкіндігі.
Қосымша шарттар.
Тараптардың заңды мекен
-
жайлары.
Достарыңызбен бөлісу: |