Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


Академиялық жазылымның ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет2/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#193592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ (1) (3)

Академиялық жазылымның ерекшелігі: 
1) Ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы;
2) Жүйелілік;
3) Тақырыптың тұтастығы;
4) Арнайы етістік шақтарын қолдану;
5) Ғылыми стиль талаптарын сақтау.
 
Академиялық жазылымның негізгі талаптары: 

Зерттеу тақырыбы.

Плагитат ережесін сақтау.

Ғылыми мәліметтерді қолдану

Кіріспе, негізгі бөлім және бөлімдердің болуы.

Түйіндеменің (abstract) болуы.

Академиялық мәтін тілі, ондағы тілдік бірліктерді қолданудың жолдарының 
сақталуы.

Академиялық мәтінге қажетті элементтердің (титул парағы, мазмұны, мазмұндық 
бөлігі, әдебиет тізімі)болуы.
Академиялық жазылым пәнін оқу арқылы студенттер мынаны меңгереді: 

Зерттеу жүргізу негіздерін (өз бетінше ғылыми еңбектерді оқу, талдау);

Конспекті жасау ережелерін (тұтас мәтінді көшіру орынына қажетті ақпаратты 
жазып алу);



Өзін-өзі басқару (мақалаларды оқу мен жазу үшін өз уақытын тиімді пайдалану мен 
жоспарлау;

Жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза білу;

Соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету.
Кез келген оқырман қалауына қарай түрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Ал, 
мәтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық және академиялық емес деп екіге бөлуге 
болады. Бірінші түріне рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми 
пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар және т.б. жатқызуға болады. 
Осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай 
құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады.
Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің ғылыми бағытына қарай өзіндік 
зерттеу әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мәселен, физика немесе химия саласы бойынша 
жазылатын ғылыми мәтіндер тақырыптарына байланысты термин сөздер мен күрделі 
формулаларды қолдану арқылы түрлі тәжірибелік сынақтарды түсіндіру немесе талдау 
бағытында жазылады, ал әлеуметтік сала бағытында жазылатын жұмыстар түрлі әлеуметтік 
саяси құбылыстарды түсіндіру бағытында жүргізіледі. Мұндай мәтіндер көбінесе осы 
саланың арнайы мамандарына ғана түсінікті болуы мүмкін. Дегенмен, ғылыми бағытта 
жазылатын жұмыстың барлығының бір ғана мақсаты бар. Ол зерттеу жұмысымен және 
оның нәтижесімен басқа адамдарды таныстыру, сол себепті академиялық мәтін түсінікті 
тілде, жүйелі құрылымда жазылуы қажет. Мәселен, экономикалық бағытта жазылатын оқу 
құралын алатын болсақ, оның негігізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен 
ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырмандарға түсіндіру. Сондықтан, академиялық 
мәтін ғылыми мәтінің негізгі талаптарын сақтай отырып, оқырманға түсінікті тілді 
таңдайды.
Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі 
құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге 
бағытталады. Сол себепті, академиялық бағытта жазба жұмысын жазу барысында ақпарат 
түсінікті және мағыналы болуы үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет