1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет43/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 
1.
Туристерге көлік қызметің ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай?
2.
Туристік қызметте көліктің рөлін сипаттаңыз.
3.
Туризм пайдаланылатын көліктің түрлерін атаңыз.
4.
Туризмде пайдаланылатын көліктерді қалай жіктеуге болады?
5.
Әуе көлігінің туризмдегі рөлін анықтаңыз 
6.
Қазақстан 
теміржол 
көлігі 
қандай 
критерийлер 
бойынша 
жіктелінеді?
7.
Жер бойымен жүретін көлікте саяхат жасағанда туристте қандай 
құжаттар болуы керек?
12 тақырып. ТУРИЗМДЕГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Мақсаты: 
Туризмдегі экскурсиялық қызмет туралы түсінік 
қалыптастыру 
Қарастыратын сұрақтар: 
12.1 Экскурсиялық қызмет түсінігі және мазмұны 
12.2 Экскурсиялық қызметтің жіктелуі 
12.3 Экскурсиялық нысандар және олардың түрлері 
12.4 Экскурсия дайындығы мен жүргізілуінің әдістемелік аспектілері 
12.1 Экскурсиялық қызмет түсінігі және мазмұны
Туризмнің маңызды компоненттерінің бірі - экскурсия. Экскурсиялық 
іс-шаралардың арқасында көптеген туристер туристік объектілердің 
сипаттамаларын зерттеу және түсіну саласындағы өз қажеттіліктерін 
қанағаттандырады. Қазіргі уақытта экскурсиялық іс-шаралар кеңінен 
таралған, оның негізінде мектептен тыс нақты сабақ тақырыбы бойынша 
оқушылардың көкжиегін кеңейту мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіледі. 
Сонымен қатар экскурсиялық іс-шаралар жоғары оқу орындарында туризм 
саласындағы мамандарды даярлауда жеке пән ретінде оқытылады. 
«Экскурсия» сөзі латынша «excursio» сөзінен шыққан және оның жеке 
әлеуметтік нысаны ретінде XIX ғасырдың ортасында дамып, негізінен 
мәдени және тарихи көзқарастар орналасқан жерлерге серуендеу ретінде 
қаралды. 
Осылайша
В.Дальдың 
1882 
жылы 
берген 
алғашқы 
анықтамаларының бірі - «Экскурсия - бұл серуендеу, нәрсені іздестіру н/е 
шөптерді жинау және т.б.». 
Білім беру, демалыс және туризм саласындағы сарапшылар ұсынған 
қазіргі 
заманғы 
анықтамалар 
экскурсиялық 
қызметтің 
әртүрлі 
сипаттамаларына негізделеді, бірақ олар, ең алдымен, белгілі бір объект 
туралы білім деңгейін көтеруге бағытталған. Осылайша, туристердің 


энциклопедиясында «Экскурсия - ұйымдастырылған, білім беру немесе 
ақпараттық мақсаттармен белгілі бір жоспарға сәйкес жүргізілетін нәрсені 
көрсететін түсініктемелермен қатар жүреді» деп айтылады. 
Емельянов Б.В. экскурсия ұғымын алдын ала таңдалған объектілерді 
олардың орналасқан жерінде зерттеумен байланысты бізді қоршаған ортаны 
түсіну процесі ретінде түсіну қажет деп түйіндеді.

Осыдан басқа, Емельянов 
Б.В қойылған мақсатқа жету үшін адамның белсенділігі ретінде 
экскурсиялық қызметтің белгілерін көрсетті. Осылайша, белгілерге жатады: 
-
уақыт ұзақтығы (бір академиялық сағаттан бір күнге дейін); 
-
экскурсанттардың болуы; 
-
экскурсия жүргізуге қабілетті кәсіби білікті мамандардың болуы 
(бағыттаушылар); 
-
көрнекі көрсету, экскурсия объектілерін олардың орналасқан жерінде 
көрсету;
-
алдын-ала 
ұйымдастырылған 
маршрутқа 
сәйкес 
экскурсияға 
қатысушылардың қозғалысы;
-
объектілерді мақсатты түрде көрсету, нақты тақырыптың болуы; 
-
қатысушылардың белсенді қызметі (объектілерді бақылау, зерттеу, 
зерттеу). 

Емельянов Б.В. Экскурсоведение / М.: Советский спорт, 2007 


Сурет 12.1 - Экскурсияның міндеттері, қызметі және әдістері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет