САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ XVI-XVIIҒ ДАМУЫ ТАРАУЫН ҚАЙТАЛАУ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы
қазақ орта мектебінің тарих пән мұғалімі Абуғалиева Айнұр Жүсіпқызы
Сабақтың тақырыбы
:Қазақ хандығының XVI-XVIIғ дамуы тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты
Білімділік : Оқушылардың білімдерін сарапқа салу, қазақ хандығының
XVI-XVII ғ дамуы тарауын қайталап, білімдерін жинақтап еске түсіру.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын
арттыру.
Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Телехабар.
Сабақтың әдісі:
интерактивті, сұрақ-жауап, ойын, топтастыру т.б.
Сабақтың көрнекілігі:
қазақ хандарының, билерінің портреттері ,Э.О
Сабақтың жүру барысы
І.Ұйымдастыру
ІІ. Қазақстан тарихы телеарнасын тамашалау
ІІІ. “Тарихи аукцион” ойыны
ІV.Тарихи дөңгелекойыны
V. “Алтын қақпа”
VI.Қорытынды
VII.Үйге тапсырма
VIІІ. Бағалау
1.
“Жаңалықтар”
Сөз кезегі “Жаңалықтар” телехабарын жүргізушіге беріледі.
1.
Тілші. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы.
2.
Тілші: Хақназар хан
3.
Тілші: Тәуекел
4.
Тілші: Есім хан
5.
Тілші: Тәуке хан
6.
Тілші: Жеті жарғы
2.Тарихи аукцион.
Лот № 1. Аукционға түсетін зат “Кітап”
Сұрақ: Қазақ хандығының алғашқы хандарын ата?
Лот № 2. Аукционға түсетін зат “Карта”
Сұрақ: Тарихи басқатырғыш “АТАСАН”
Лот № 3. Аукцонға түсетін зат “Домбыра”
Сұрақ: Рет-ретімен қой
“Жеті жарғы”
“Есім ханның ескі жолы”
“Қасым ханның қасқа жолы”
Лот № 4. Аукционға түсетін зат “Шырағдан”
Сұрақ: Қазақ хандығы нешінші жылы құрылды?
Лот № 5. Аукционға түсетін зат “Глобус”
Сұрақ: Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы кім және оларды қай жерге орналастырды?
Достарыңызбен бөлісу: |