Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


!  Тақырыбы: Баланың бас ұстазы-ата-анасы



Pdf көрінісі
бет31/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)


Тақырыбы: Баланың бас ұстазы-ата-анасы
Мақсаты:
Білімділік
:Отбасылық тәрбиенің озық үлгілерін насихаттау.
Дамытушылық
::Ата- аналардың мектеппен тұрақты қарым - қатынасын , белсенді педагогикалық ұстанымдарын 
қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Үлкенді сыйлауға ,ілтипатты болуға ата ана алдындағы парызын түсінуге тәрбиелеу. 
Мұғалімнің сөзі:
Ой санасы дамыған,адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты , мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды 
көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді.Тәрбие жұмысының табысты 
болуының басты кепілі мектеп пен ата - аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста.Өйткені адамзат бесігін 
тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға 
деген ыстық сезім жақындарына ,туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп елбасы айтқандай , бала 
әкеден ақыл, анадан мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі,білімді, мәдениетті, ... болуын қалайды. 
Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы,адамның келешегіне сенімділігі баланың ата - анасын ардақ тұтып ,өзінің перзенттік 
қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Сол себепті бүгінгі жиналысты ата - ана туралы ұлағатты сөздерден бастауға 
рұқсат етіңіздер.
Студенттер сөйлейді

1 Ата- ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.(Ғ.Мұстафин) 
2 Ата- ана қадірін білмеген – халық қадірін білмес (Ғ.Мұстафин) 
3 Ата- бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі. (Ғ.Мұстафин) 
4 Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата- ананың абыройы ; жаманы- қайғысы,азап- соры.( В.А.Сухомлинский) 
5 Балаға берілетін бірінші тәрбие ата- анасын ,туған- туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын 
сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.(Ы.Алтынсарин.) 
6 Адамның қалыптасуы бала кезден басталады.Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі.Ол жылдар өте келе 
,өніп шығады.Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі 
болады. (С.В. Михалков) 
7 Ана жүрегін сезе біл,оның жанарындағы шапағатпен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен 
мазасыздықты ,абыржу мен ренішті көре біл.Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді 
үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.(В.А.Сухомлинский) 
20


8 Кімде – кімнің үйінде қартайып отырған әке шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы »болса,ол- үйіне 
олардан артық құдайдың құрметті өкілі деп ойламасын ,егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап,қамқорлық жасаса,ата- анасы 
оның отбасының құты болып табылады.( Платон) 
9 Тәртіп көрген адам бала күнінде, 
Өнерімен қуандырар түбінде.( Ж.Баласағұн) 
10 Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс, 
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.( Ғ.Мұстафин) 
11 Тәртіпті ең тамаша мектебі – отбасы. (С.Смайлс)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет