Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет33/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Мұғалімнің қорытынды сөзі: 
Бала нені білсе жастан,ұядан, 
Өле өлгенше соны таныр қиядан – дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың 
саналы тәрбие , білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.Себепсіз сабақты босатпауларын 
қадағалауларыңызды сұраймыз. 
Тақырыбы: Бала тәрбиесі баршаның ісі
Мақсаты:
Білімділік:
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру,ұрпақ мәселесі-ол еліміздің 
болашағының, ертеңінің қамы үшін өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті үйретіп, бала бойына 
сіңіріп отыру керектігін түсіндіру.
Тәрбиелік:
Ата-аналардың коллелжбен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, тиімді модельдерін іздестіру арқылы 
ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін арттыру..
Дамытушылық
:Студенттер өмірінде ата-аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып пікір алмасу, балалардың 
дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ұрпақтың ой өрісін дамыту. 
Сабақтың әдісі
Пікіралмасу
Сабақтың көрнекілігі
Сызбалар, нақыл сөздер,мониторингтер
.
Жиналысқа қатысушылар: 
ата-аналар, пән мұғалімдері топ жетекшілер, психолог
Ұйымдастыру кезеңі
Ата-аналармен сәлемдесіп,түгендеу,ата-аналарды жиналыс мақсатымен таныстыру
4.2 Мұғалім баяндама оқу
Бала тәрбиесі баршаның ісі
Ой-толғаныс
Бала тәрбиесі туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер туралы өз ойларын айту.
Студенттердің ой-пікірлері 
Сұхбат бөлімі. Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды жуады.
а)Жұмбақ кейіпкердің әңгімесін тыңдау, сұрақтар қою, пікір айту.
Б)Ата-ана туралы жазған студент шығармаларын тыңдау.
В)Ойландырған сұрақтар.
Ата-аналардың құқықтарымен, міндеттерімен танысу, оқушы ережесі туралы әңгімелесу.
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі: деген 
ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырын аңғарға білейік. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан қай ата-ана 
болсын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Ал бар тәрбиеміздің көзі –ата-бабаларымыздан қалған асыл да дана 
сөздер, яғни небір кереметтің барлығы айтылған нақыл сөздер мен мақал – мәтелдерде екені сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі 
жиынымыздың алғашқы бөлімінде айтылар әңгімеміз де осы төңіректе болмақ. (Тақтаға жазылған нақыл сөздер мен мақал-
мәтелдерге байланысты өз ойларын айтады.)
Ой-толғаныс.
21


Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы.
Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.
Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек.
Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса,15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет