Сұқбат бөлім Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды жуады. Ата-ана Оқушы Мұғалім Құметті ата-аналар! Осы көрсетілген сызба-нұсқада оқушы –мұғалім-ата-ана байланысының дұрыс қалыптаспағаны үздік
сызықтардан көрініп тұр. Сондықтан да осы мәселе төңірегінде дөңгелек үстел басында ата-аналарымызды қатыстыра
отырып ой бөлісейік дейміз.
Бірінші кезекте ата-ана мен бала арасындағы үзік сызықтың пайда болуы себептеріне тоқталып көрейік.
Сұрақ. Баласын сүймейтін ата – ана бола ма? Әрине болмайды. Бірақ ата – анасын сүймейтін бала болуы мүмкін. Бұған ата
– ана өзіміз кінәлі емеспіз бе?
Ата – ананың балаға деген махабаты 2 түрлі болады.
Саналы махаббат.
Санасыз махаббат.
Санасыз махаббат мынадай түрде болады. Қатыгез махаббат: ұрып соғып тәрбиелеу. Сатулы махаббат: жақсы көргенін
ақшаға сатып алу арқылы білдіреді. Осындай түрдегі ата – ананың балаға деген махаббаты арқылы баланың болашақта
дұрыс тәрбие алмайтыны дәлелденген.
Ата – ананың махаббаты Санасыз Саналы 1) қатыгез 1 имандылық
2) сатулы 2 тұрақтылық
3 сенімділік
Ендеше бүгінгі бала тәрбиесі туралы пікірталасымызды әрі қарай қозғау үшін жұмбақ кейіпкердің әңгімесін тыңдайық.
Жұмбақ кейіпкер: Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтағанда төбем көкке бір
– ақ елі жетпей қалушы еді. Оның алып келген 5 – тік бағаларына ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім, өйткені ол
менің жалгыз ұлым еді. Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтардан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайтын болды, неге
керегін сұрасам,»Мектепте мереке күніне»,»Туылған күнге баруым керке сол үшін» дейді. Бір күні сынып жетекшісі үйге
келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтары (темекі шегіп, сабақтан қашатындығы) туралы айтты. Бұл жайлы әкесіне
айттым. Әкесі қатал кісі еді. Баламды ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай
еркелемейді, ашылып әңгіме айтпайды. Мектепке барғысы келмейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?
Сұрақ. Сіз бұған кімді кінәлайсыз? Балаңыздың достары қандай балалар?
(Ата-аналар пікірі тыңдалады.) Писихолог қорытындысы.