Тақырыбы: Білімді азамат-ел ертеңі.
Мақсаты:
Білімділік
:ата-аналар балаларына ғылыми көзқарасын,өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
Дамытушылық
балаларының ойлау деңгейін,дербес ерекшіліктерін дамыту.
Тәрбиелік
: балаларының денсаулығына көбірек көңіл бөле отырып, адамгершілігі мол,
азамат етіп тәрбиелеу
Сабақтың әдісі
Пікіралмасу
Сабақтың көрнекілігі
Сызбалар, нақыл сөздер,мониторингтер
.
Жиналысқа қатысушылар:
ата-аналар, пән мұғалімдері топ жетекшілер, психолог
Ұйымдастыру кезеңі
Ата-аналармен сәлемдесіп,түгендеу,ата-аналарды жиналыс мақсатымен таныстыру
4.2 Мұғалім баяндама оқу
Ия, осы миуа ағашымыз колледж болса , ондағы жас жеткіншек жемісі деп , қарап , жемісі шырынды болу
үшін,білімді,тәрбиелі,адамгершілігі мол азамат қалыптасуы керек .Ырыс алды ынтымақ демекші,ынтымақ–істі бітірер ата-
анамен ұстаз арасындағы байланыс жалғасын тауып жатса,нұр үстіне нұр ғой.қандайда азамат, қоғам мүшесі,сол болашақ
қоғамның қандай болуын,бүгінгі мектептегі тәрбиеден басталады.Солардың ішінен бүгінгі пікіралыс
тәрбие,денсаулық,оқу,ұқыптылық бағыттары талқыланады.
Осы зерттеулерге сәйкес адам бойындағы адамгершілік асыл қасиеттеріне арнағым келеді .Адамгершілік тәрбиесі –адамның
моральдық қасиеттерін,мінез-құлқы мен
тәртібін, адамгершілік сезімі мен санасы белгілі бір мақсатқа бағыттап қарастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына,ең алдымен,Отанға,елге деген сүйіспеншілік,борыш сезімін
тәрбиелеу,жолдастық,достық,жанашырлыққа баулу,ұлкенді сыйлау,тыңдау,беделін мойындау,еңбек адамдарын құрметтеу,
қамқорлық,жасау,адалдыққа,шыншылдыққа,қарапайымдылыққа,мақсаттылық-қа,табандылыққа,
белсенділікке,батылдыққа,ұстамдылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу жатады.Осы тәрбиенің негізгі жолы – оқу процесі мен
оқушылардың күнделікті өмірін , іс -әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. .Адамгершілік тәрбиесі имандылық
тұрғысынан,адамның барлық әдетіне және барлық мінез-құлығына дұрыс бағыт беріпжөн сілтеп отыратын , Отанын ,
халқын сүюге үйрететін тәрбие.студенттердің адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті , тәртібі
біліміне сәйкес келмейтін жайлар кездеседі.Олар жақсы,жаман әдеттерді білгенімен,оны өз өмірін сәйкестендіре, тәртібінде
іске асыра алмайды.өйткені ережені есте сақтау оңай,да оны іске асыру қиын.Сондықтан адамгершілік жайында түсінік
білім берумен қатар дұрыс тәртібін,іс- әрекетін ұйымдастыруды көздейді,өйткені бүгінгі бала -ертенгі ата-ана ,бала
тәрбиелеуші ұлт рухындағы халық өкілі , ел намысын қорғаушы ата-бабаларымыздың ісін жалғастырушы мәңгілік күш.
Отан –отбасынан басталады демекші.тәрбиенің бастауын ата-аналардан бастайық.Бүгін сіздер ,,Жас ұрпақтың рухани
сәулеткері,, атты клубына жиналып отырсыздар .Мұнда 4- секция мына бағыттар бойынша жұмыс істейді. 1) тәрбие ,
2)денсаулық, 3) оқу( мектеп ) ,4) ұқыптылық ( гүл) бағыттары.
Достарыңызбен бөлісу: |