Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет214/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

дәлелдік деңгейі D
). 
Пробиотиктер - БК кезінде E coli Nissle 1917 (Mutaflor 200 мг), 
VSL#3, 
Lactobacillusrhamnosius 
GC, 
Bifidobacterium 
және 
Saccharomycesboulardii ең жақсы зерттелген. 
Хирургиялық емдеу 
Бейспецификалық ойық жаралы колитті хирургиялық емдеуге 
көрсеткіш: консервативті терапияның тиімсіздігі (гормональды 
резистенттілік, биологиялық терапияның тиімсіздігі) немесе 
жалғастырудың мүмкін болмауы (гормональды тәуелділік), БК 
ішектік 
асқыныстары 
(токсикалық 
дилатация, 
ішектің 
перфорациясы, ішектік қан кету), сонымен қатар тоқ ішектің қатерлі 
ісігі немесе оның болу қаупі. БК хирургиялық емінің алтын 
стандарты қалпына келтіру-пластикалық отасы – колпроктэктомия 
илеоанальды резервті анастомозбен. 


400 
Крон ауруы 
Крон ауруы (КА) – этиологиясы белгісіз, трансмуральді, 
сегментарлы, гранулематозды қабынумен жергілікті және жүйелі 
асқынулардың дамуымен сипатталатын асқазан-ішек жолының 
қайталамалы, созылмалы ауруы.
КА өршуі (қайталануы, шабуылы) деп КА спонтанды немесе 
медикаментозды ұсталынып отырған клиникалық ремиссия 
сатысындағы науқастарда ауруға тән симптомдардың пайда болуын 
түсінеді. КА ремиссиясы – ауруға тән көріністердің жойылуы. 
Бөлінеді: 
1. Клиникалық ремиссия – КА симптомдарының жоқ болуы 
(КА белсенділігінің индексінің мағынасына сәйкес КА<150); 
2. Эндоскопиялық ремиссия – эндоскопиялық зерттеу кезінде 
қабынудың көрінетін макроскопиялық ерекшеліктерінің болмауы; 
3. Гистологиялық ремиссия – қабынудың микроскопиялық 
ерекшеліктерінің болмауы. 
 
Жіктелуі 
Ауру ағымында келесі КА түрлерін ажыратады:

фистулалық (пенетрацияланған) фистула мен жыланкөздің 
дамуымен,

стеноздалған (ішек бөлігінің тарылуы ның 
дамуымен), 

стенозданбаған/фистулалық емес түрі. 
Монреалдағы 
(2005) 
гастроэнтерологтардың 
әлемдік 
конгрессінде диагноз қойылған кезеңнен бастап КА зардап шегетін 
науқастар үш топқа бөлінетін: 16 жасқа дейін (А1), 17 ден 40 жасқа 
дейін (А2) және 40 жастан жоғары (А3) жаңа жіктелуі қабылданған 
( 45-кесте). 
45 - кесте. КА Монреалдағы жіктелуі 
Аурудың 
басталған 
жасы 
Орналасу орны 
Ағымы 
<16 жас (A1) 
17–40 жас (A2) 
>40 жас (A3) 
Илеит (L1) 
Колит (L2) 
Илеоколит (L3) 
*АІЖ жоғарғы бөлігінің 
Тарылмаған, 
пенетрацияланбаған 
(B1) 
Тарылған (B2) 


401 
жергілікті зақымдалуы 
(L4) 
Пенетрацияланған (B3) 
+«p»перианальді 
зақымдалуы болса 
* L4 L1–3 –ке сәйкес АІЖ жоғарғы бөлігінің зақымдалуы бар 
болса модификаторды қосуға болады.
КА ауыратын науқастарды қабыну үрдісінің локализациясына 
байланысты бөледі: терминалды илеит (L1), тоқ ішектің жергілікті 
зақымдануы (L2), аш және тоқ ішектің қосарланған зақымдануы 
(L3) және АІЖ жоғарғы бөлігінің зақымдалуы (L4).
Аурудың ауырлық дәрежесін анықтау үшін Бест бойынша Крон 
ауруының белсенділік индексін қолданады. Индекс субъективті 
симптомдардың және науқас шағымының сипатын және емдеуші 
дәрігердің оны бағалауының талдауы не негізделген. Бірақ 
зертханалық көрсеткіштер (гематокриттен басқасы) ескерілмеген. 
150 төмен индекс аурудың ремиссиясын , 150 жоғары болса 
белсенді ағымын, 450 жоғары болса өте ауыр асқынуды көрсетеді 
(46 сызба). Бұл индекс бақыланатын зерттеу жүргізу кезінде дәрілік 
терапияның тиімділігін көрсетуде қолданылуы мүмкін. 
Қазіргі таңда КА ауырлық дәрежесін (белсенділігін) анықтау 
үшін КААИ анықтауда ескерілетін критерийден басқа, ECCO 
(EuropeanCrohn’sandColitisOrganization) консенсуста айқындалған 
С-ребелсенді ақуызды бағалауда қабылданған. Консенсуске сәйкес 
ауырлық дәрежесінің асқынуы КААИ мен СРА жоғарылау деңгейін 
бірге анықтау арқылы қойылады 
46- кесте. Бест бойынша Крон ауруының белсенділік индексі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет