Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


Жеңіл өршуі (аурудың төмен белсенділігі)



Pdf көрінісі
бет217/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Жеңіл өршуі (аурудың төмен белсенділігі)
 5- аминосалицил қышқылы (5-АСҚ) препараттары 
Клиникалық тәжірибеде мықын ішектің, мықын ішек пен тоқ 
ішектің бірігіп зақымдануы немесе тоқ ішектің жергілікті 
зақымдануы кезінде месалазин тағайындайды: 
Месалазин 3,2–4 г/тәу. (
дәлелдік деңгейі С
)
Немесе үрдіске мықын және тоқ ішектің немесе тек тоқ ішектің 
зақымдануы кезінде: 
Сульфасалазин 3–6 г/тәу (
дәлелдік деңгейі А
). 
 
Будесонид
Мықын ішек немесе/және жоғары өрлемелі ішектің зақымдалуы 
бар науқастарды емдеуде 4 г/тәу месалазин және плацебомен 
салыстырғанда бақыланатын мықын ішекке шығарылатын 
будесонидтің 9 мг/тәу мөлшері әсеривтірек. Препараттың тиімділігі 
дәстүрлі 
пероральді 
кортикостероидтармен 
бірдей, 
бірақ 
будесонидтерде тиімділік пен қауіпсіздікті бірге қарастырғанда 
оптимальді. Сол себепті будесонид КА жеңіл немесе орташа 
ауырлықты деңгейде ауыратын (үрдістің төмен белсенділігі), 
зақымдануы мықын және/немесе жоғары өрлемелі ішекте 
шектелген науқастар үшін терапияның бірінші қатардағы препараты 
болып ұсынылған.
 
Метронидазол
Метронидазол 10–20 мг/кг/тәу мөлшерінде сульфасалазин 
тиімді болмаған жағдайда қолдануға болады (
дәлелдік деңгейі C
). 


406 
Орташа 
айқындалатын 
асқыну 
(аурудың 
орташа 
белсенділігі) 
Кортикостероидтар
Аурудың орташа белсенділігі бар науқастарға симптомдардың 
басылуы мен дене салмағының тұрақталуына дейін преднизолонды 
тағайындау тиімді (
дәлелдік деңгейі А
).
Преднизолон 40–60 мг/тәу (негізі 7–28 күнге) 
Тұрақты клиникалық жасарудан кейін препараттың мөлшерін 5-
10 мг/апта 20 мг/тәу дейін және одан кейін күнделікті 20 мг-нан 2,5-
5 мг дейін терапияны толық тоқтатқанға дейін төмендету дұрыс деп 
саналады. 
КА емдегенде дәстүрлі ГКС қолданғанда остеопороздың даму 
қаупі жоғарылауын ескере отырып, кальций препараттары мен Д 
витаминін қолдану ақылға қонымды, сонымен қатар емді 
бастағаннан 
кейін 
биофосфонатты 
тағайындау 
сұрағы 
қарастырылуда.
Азатиоприн и 6-меркаптопурин
Стероидтарды қабылдаумен жеткен ремиссияны тұрақты ұстап 
тұру үшін тағайындалады. Кортикостероидтармен емге азатиоприн 
және 6-меркаптопуринді қосқанда оң әсер болуы дәлелді деп 
саналады. 
Метотрексат
Метотрексатты аптасына 1 рет 25 мг теріастына немесе 
бұлшықетке парентеральді енгізу ремиссияға жету және стероидқа 
резистентті немесе стероидқа тәуелді КА ауыратын науқастарға 
стероид мөлшерін төмендету мақсатында қолданады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет