Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет85/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Этиологиясы мен патогенезі
Жедел абсцесстің қоздырғышы келесі микроағзалар болуы мүмкін: 
1. Грамм оң кокктар: Staphylococcus aureus, Staphylococcus pyogenes 
2. Грамм теріс таяқшалар: Enterobacteriaceae, Pseudomonas 
aeruginosa. 
3. Клостридиальдық емес анаэробты микроағзалар
4. Haemophilus influenza 
5. Mycoplasma pneumonia 
6. Саңырауқұлақтар 
Өкпенің жедел іріңдеуінің патогенетикалық үш себебі бар: 

Бронх өткізгіштігінің бұзылуы 

Өкпе паренхимасындағы жедел инфекциялық үрдіс

Өкпе тінінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы нәтижесінде 
некроз дамуы. 
Өкпе тініндегі үрдіс сызбалы түрде келесідей дамиды 

Бастаушы механизм-бронх өткізгіштігінің бұзылысы; 

Обструкцияланған бронхпен дренаждалған, өкпе тінінің 


153 
аймақтық 
ателектазы 
(бұл 
аймақтың 
альвеоласы 
мен 
бронхиоласына сұйықтық толған); 

Өкпе тінінің ауасыз болуы патогенді микрофлораның өсуіне 
жағдай жасап, ал ол қан айналымның бұзылуына, тіндік некрозға
және өкпенің іріңдеуіне әкеледі. 
Өкпенің жедел іріңді ауруларының шығу орны: 
1. Пневмониядан кейінгі өкпе абсцессі (3-4 аптада түзіледі); 
2.Аспирациялық өкпе абсцессі (1-2 аптада түзіледі) ; 
3.Жарақаттық; 
4.Гематогенді-эмболиялық; 
5.Лимфогенді; 
Өкпенің жедел абсцессінің клиникалық ағымы екі кезеңде өтеді: 
1.іріңді қуыстың пайда болуы және оның бронхқа жарылуы 
2. іріңнің дренаждаушы бронхқа өткеннен кейінгі кезең 
Жедел іріңді абсцесстің бірінші кезеңі жедел басталады, дене 
қызбасы 38-ге және одан да жоғары көтерілуімен, кеудедегі 
ауырсынумен және құрғақ немесе аз мөлшерде қақырық бөлінуімен 
жүретін жөтелмен сипатталады. Жалпы интоксикация соған 
байланысты шағымдар - жалпы әлсіздік, мазасыздық, тершеңдік, 
тәбеттің төмендеуі, бас ауруы. 
Екінші кезең бронхқа іріңнің жарып шығуымен сипатталады, ол 
ауыздан жағымсыз иістің шығуымен, көп мөлшерде іріңді қақырық 
бөлінуімен (200 мл және одан да көп тәулігіне). Субфебрильді 
қызба, жалпы интоксикацияның төмендеуі және науқастың жалпы 
жағдайының жақсаруы байқалады. 
Өкпенің гангренасы мен гангренозды абсцессінде аурудың 
клиникалық көрінісі науқастың ауыр жағдайымен көрінеді. Бірінші 
орында айқын интоксикация, тіпті септикалық шокқа дейін, тыныс 
жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Жедел әлсіздік, тәбеттің болмауы, 
шөлдеу, күңгірт, сұр-қоңыр қақырықтың болуына шағымданады. 
Қақырық тұра келе үш қабатқа бөлінеді: төменгі-үгінділі тұнба, 
ортасы-сұйық, жоғарғысы- шырышты-іріңді, көпіршікті. Өкпе 
гангренасы көбіне науқастың жағдайын нашарлата түсетін қан 
түкірумен, 
өкпелік 
қан 
кетумен, 
плевра 
эмпиемасымен, 
пиопневматоракспен асқынады. 


154 
Физикалық тексерудің 
бірінші кезеңіндегі мәліметтер тапшы:
қызбаның әсерінен зақымдалу аймағында тыныс алудың әлсіреуі, 
әртүрлі өлшемді құрғақ және ылғалды сырылдар анықталады. 
Абсцестің шығарушы бронхқа жарылуынан кейін дене қызуының 
төмендеуі, зақымдалған аймақта көптеген әртүрлі өлшемді
ылғалды сырылдардың естілуі байқалады. Гангрена және өкпенің
гангренозды абсцессі үшін әлсіздік, науқастың шаршағыштығы 
тән. Тері қабаттары құрғақ, бозғылт түсті. Ерні және 
тырнақтарының асты көгерген. Кеуденің зақымдалған жағы тыныс 
алу әрекетінен қалып қояды. Физикалдық мәліметтер өкпе тініндегі 
некроздың көлемінен және оның ыдырауына байланысты болады - 
беткей орналасқан деструкция қуысының үстінен перкуторлы 
дыбыстың 
қысқаруы, 
қорапты 
реңді 
дыбыс 
шығады. 
Аускультацияда – шығарушы бронх арқылы пайда болған 
қуыстың үстінен амфорлы реңді дыбыс, тыныс алу шуларының 
әлсіреуі немесе жоғалуы, әртүрлі өлшемді ылғалды сырылдар 
естіледі. 
Зертханалық 
мәліметтер

Жалпы 
қан 
талдауында
лейкоцитарлық 
формуланың 
солға 
жылжуымен 
көрінетін 
лейкоциттердің санының жоғарлауы. Өкпе гангренасы кезінде күрт 
лейкоцитоз, ЭТЖ 70 мм/сағ. жоғарлауы, жас түрлердің басым 
болуымен 
қанның 
лейкоцитарлық 
формуласының 
өзгеруі, 
нейтрофилдердің айқын токсикалық дәнділігі, айқын анемия.
Қанның биохимиялық талдауы: күрт гипопротеинемия
диспротеинемия, су-электролит тепе-теңдігінің бұзылуы, күрт 
метаболикалық ацидоз. 
Қақырықтың 
және 
іріңнің 
микрофлорасы 
мен 
оның 
антибиотиктерге сезімталдығын анықтаумен бактериологиялық
талдауы. Сонымен қатар, туберкулезді таяқша мен саңырауқұлақты 
флораға қақырықтың талдауы. 
Аспатық зерттеулер: Кеуде қуысының рентгенологиялық 
тексерісі (рентгеноскопия, рентгенография, томография, КТ) алғаш 
клиникалық кезеңінде өкпе тінінің, басым жағдайда 1-2 сегменттері 
немесе тұтас бөлік шекарасында, үлкен көлемді инфильтрациясын 
анықтайды. Екінші клиникалық кезеңінде өкпе абсцессі диагнозын 
дәлелдейтін, өкпе тінінің кішірейіп келе жатқан инфильтрациялық 
жағдайында сұйықтықтың горизонтальдық деңгейі бар деструкция 
қуысы анықталады. Өкпе гангренасы кезінде бастапқыда 


155 
рентгенологиялық бөлікті немесе тұтас өкпені алып жатқан 
ауқымды қосарланған өкпе тінінің инфильтрациясы анықталады. 
Бронхоскопия үрдістің ісіктік табиғатын жоққа шығаруға, 
бактериологиялық және цитологиялық талдау үшін материал алуды 
өткізуге көмектеседі. 
Емі 
Емдеу мақсаттары: 
1.
Аурудың жағымсыз соңының алдын-алу 
2.
Өкпенің деструкциясын тоқтату, мүшені толығымен 
немесе бөлігін сақтап қалу 
3.
Тыныс алу қызметін қалпына келтіру 
Өкпедегі іріңді ошақтарын барабар шығару үшін қолданылады: 

Постуралдық шығару (іріңнің шығарушы бронхқа бос 
шығарылуы үшін науқастың денесін қолайлы қалпына келтіру); 

Кеуде қуысын сылап - уқалауы, дірілмен уқалау, 
тыныстық жаттығулар; 

Ас содасымен, бронхолитиктермен ингаляциялар жүргізу; 

Ішке қақырық түсіретін заттар беру; 

Бронхтардың бронхоскопиялық санациясы; 

Дәрілік заттарды интратрахеалды енгізу; 

Абсцессті шығарушы сегментарлық бронхты 
катетеризациялау. 
Антибактериалдық терапия 
Антибактериалдық терапияны микрофлораның ерекшелігіне 
және оның антибиотиктерге сезімталдығын ескере отырып жүргізу 
керек. Қоздырғышты бөліп шығару мен оның сезімталдығын 
анықтау алдында эмпирикалық антибактериалдық терапия 
жүргізіледі. Антибактериалдық терапияны жүрізу ұзақтығы 4-6 
апта. 
Өкпенің қарапайым абсцессінің терапиясы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет