БД-нің жеңіл дәрежелі өршуі:
(жүрген кезде демікпенің
болуы, сөйлемдермен сөйлеу, ЖЖЖ<100, ДШЖ >80%, SpO
2
>95%):
Сальбутамол 0,5 мл
немесе
Фенотерол/ипратропия бромид (беродуал) 20-40 тамшы небулайзер
арқылы
20 минуттан кейін әсері байқалмаған болса ингаляцияны
қайталау.
Егер
қысқа
уақыт
әсер
етуші
β
2
-агонисттер
ингаляциясынан кейін ұстама толығымен басылса (ДШЖ
көрсеткіші қалыптыға немесе жеке тұлғаның жақсы деңгейіне
келгенде) және 3-4 сағат бойы жақсару сақталса, науқас қосымша
тағайындауларды және госпитализацияны қажет етпейді.
БД-нің орташа дәрежелі өршуі:
(сөйлеген кезінде демікпенің
болуы, жеке сөздер тізбегімен сөйлеу, алыстан естілетін сырылдар,
ЖЖЖ 100-120, ДШЖ 60-80%, SpO
2
91-95%)
Сальбутамол 0,5-1,0 мл
немесе
Фенотерол/ипратропия бромид (беродуал) 20-60 тамшы небулайзер
арқылы
+
Будесонид - суспензия небулайзер арқылы 1000-2000 мкг
+
Преднизолон 20-30 мг per os, немесе т/і 60-90 мг
149
20 минуттан кейін әсері байқалмаған болса бронхолитик
ингаляциясын қайталау. Бастапқы бір сағат ішінде 20 мин аралық
сайын 3 ингаляция жасауға болады. Жағдайының жақсаруы (ДШЖ
>80% көрсеткіші қалыптыға немесе жеке тұлғаның жақсы деңгейіне
келгенде) және 3-4 сағат бойы жақсару сақталса, науқас қосымша
тағайындауларды және госпитализацияны қажет етпейді. Бір сағат
ішінде жасалған іс-шаралардан кейін әсер болмаса, міндетті түрде
тез арада шұғыл көмек бөлімшесіне жатқызу керек.
БД-нің ауыр дәрежелі өршуі:
(тыныштық жағдайында
демікпе, жеке сөздермен сөйлеу, ТАС>30, қозулы, ЖЖЖ>120,
ДШЖ <60% немесе <100 л/мин, цианоз, SpO
2
<90%)
Сальбутамол 0,5-1,0 мл
немесе
Фенотерол/ипратропия бромид (беродуал) 20-60 тамшы небулайзер
арқылы
+
Будесонид - суспензия небулайзер арқылы 1000-2000 мкг
+
Преднизолон 30-60 мг per os, немесе т/і 60-90 мг
Басталған терапия жағдайында науқас шұғыл түрде қарқынды
терапия бөлімшесіне жатқызылады және тасымалдау кезінде
ингаляция арқылы қысқа әсер етуші β
2
-агонист және ИГКС
небулайзер арқылы, SpO
2
>90% жету үшін пульсоксиметрия
бақылауында оттегімен емдеу жүргізіледі. Стационарда науқастың
жағдайы үнемі 1-2 сағат сайын тағайындауларға түзетумен бірге
бақыланады (ДШЖ, SpO
2
, артериалдық қан газдары және қажет
болғанда басқа да зерттеулер). ДШЖ 60-80% болуы керек
көрсеткіште оттегімен емдеу, β
2
-агонист және антихолинергиялық
препарт ингаляциясы (әр 60 мин. сайын), пероральдық ГКС
жалғастырылады. 3-4 сағат өткен көлемінде науқастың жағдайы
тұрақты түрде жақсаруына жеткенде оны амбулаторлық емге
шығаруы мүмкін, осы кездегі ИГКС мөлшері 2-4 дейін
жоғарылайды және басқа да базистік препарттар қосылады
(баспалдақты ем бойынша).
Егер науқас жағдайы жақсармаса немесе одан әрі нашарласа –
150
пациентті жан сақтау бөліміне ауыстырады: жоғарыда көрсетілген
терапияны жалғастырады, ГКС көктамыр ішіне енгізуіне
ауыстырады, қажетіне қарай теофилллин тамыр ішіне, интубация
және ӨЖВ (ДШЖ <30%, РаО
2
<60 мм.сын.бағ, РаСО
2
>45
мм.сын.бағ).
60>100> Достарыңызбен бөлісу: |