Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


Емі Емдеу мақсаты: аурудың клиникалық көріністерін бақылауда  ұстауға жету және оны қолдау



Pdf көрінісі
бет79/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Емі
Емдеу мақсаты: аурудың клиникалық көріністерін бақылауда 
ұстауға жету және оны қолдау. 
 
Медикаментозды емес емі
Науқастарды үйрету: науқасты қажет ақпаратпен таныстырып, 


145 
оны бақылауда ұстап тұру жағдайында, ингаляционды құралдарды 
дұрыс пайдалануды, базалық және шұғыл көмек препараттарын 
ажырата білуді, медициналық көмекке қашан жүгінуді, өзінің 
жағдайын қалай мониторлауды үйрету.
Гипоаллергенді диета: себепкер аллергенмен жанасуды тоқтату, 
бей ерекше қоздырғыштардың әсері (кәсіптік зияндылық, 
поллютанттар, өткір иістер және т.б.). Темекі шегуден бас тарту
(белсенді және енжар).
Бронх ағашының дренажды және санациялық қызметін
жақсарту үшін массаж, тыныстық гимнастика, ЕДШ. 
Медикаментозды емі 
Жалпы қағидалар 

БД емдеудегі дәрілік заттар аурудың ағымын 
бақылайтын 
(қолдаушы 
терапия) 
және 
шұғыл 
көмектің 
препараттары (симптомдарды жеңілдету мақсатында) деп бөлінеді. 
Қолдаушы терапия препараттарын қабынуға қарсы әсеріне 
байланысты БД клиникалық көріністерін бақылау үшін күнделікті 
және ұзақ уақыт қолданады. Симптомдарды жеңілдету мақсатында 
қолданылатын препараттарды қажет жағдайда пайдаланады; бұл 
дәрілік заттар бронх түйілуі және оның симптомдарын тез басуға 
көмектеседі. 

БД емдеудегі препараттарды әр түрлі жолдармен енгізуге 
болады – ингаляционды, пероральдық немесе инъекционды. 
Ингаляционды енгізу жолының басты артықшылығы болып 
препаратты тыныс жолдарына тікелей әсер ету және дәрілік заттың 
жергілікті мөлшерінің жоғары болуы мен жүйелі кері әсерінің 
қауіптілігі төмен болуында. 

Ингаляционды ГКС қолдаушы терапиядағы барлық 
препараттардың ішінен ең әсерлісі болып табылады.

Тез әсер етуші ингаляционды β
2
-агонистер кез-келген 
жастағы ересектер мен балалар арасында физикалық жүктемеден 
кейінгі бронх түйілуін басу және алдын алудағы таңдаулы препарат 
болып табылады. 

Шұғыл көмек препараттарын үдемелі түрде қолданудың 
артып келе жатқандығы БД бақылауда ұстайтын препараттар 
тиімділігі төмендегенін көрсетеді және терапияны қайта қарау 
қажеттілігі туындайды. 


146 
Медикаментозды емнің таңдауы БД ағымды бақылауына және 
терапия 
тағайындалғанға 
дейінгі 
демікпенің 
ауырлығына 
байланысты. Терапияның әрбір сатысында науқастар шұғыл көмек 
препараттарын қолдануға міндетті (қысқа және ұзақ әсерлі 
бронхолитиктер). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет