Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет78/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Диагностикалық өлшемдер
Шағымдары және сыртартпа 
БД-мен ауратын науқастарға мына симптомдар: ентігу, 
ысқырықты сырыл, жөтелу және кеуде қуысында бітелу сезімінің
болуы тән. Сонымен қоса аллергенмен жанасқаннан кейін 
симптомдардың пайда болуының маңыздылығы жоғары, мезгілдік 
симптомдардың өзгергіштігі мен жанұялық сыртартпада БД-нің 
болуы жағдайлары мен атопиялар кездеседі.
Жөтелмен көрінетін БД науқастарында жөтел басты және кей 
жағдайда жалғыз көрініс болып табылады. Жөтелмен көрінетін БД 
балаларда жиі тараған және түнгі уақытта симптомдардың 
айқындылығы жоғарылайды; күндіз аурудың көріністері жоқ болуы 
мүмкін. Осындай науқастар үшін өкпе қызметінің көрсеткіштерінің 
өзгергіштігін зерттеу немесе бронх гипербелсенділігі және 
қақырықта эозинофильдерді анықтау ерекше маңыздылыққа ие. 
Көптеген науқастарда аурудың сиптомдарының көрінісі 
болуының негізгі себебі физикалық белсенділік болып табылады. 
Физикалық жүктемеден кейін бронх түйілуі әдетте 5-10 минуттан 
кейін дамиды (сирек – жүктеме кезінде). 
Физикалық тексеру 
Мына клиникалық сиптомдар білінген кезеңде ғана: цианоз, 
эмфизематозды кеуде қуысы, тыныс алу әрекетіне қосымша 
бұлшық еттердің қатысуы, қабырға аралықтың ішке тартылуы, өкпе 
аускультациясы кезінде ысқырықты сырылдар, тахикардия 
ақпараттылығы айқын болады. Қалған кезеңдерінде барлық 
физикалық симптомдар болмауы мүмкін. 


144 
Зертханалық мәліметтер 
Жалпы қан талдауында эозинофилдер мөлшерінің жоғарылауы 
5% дан көп. 
Жалпы қақырық талдауында эозинофилдердің, Шарко-Лейден 
кристаллдарының, Куршман шиыршықтарының болуы. 
Қан сарысуында жалпы Ig Е деңгейінің жоғарылауы.
Аспаптық тексерулер
- Спирометрия тыныс жолдарының обструкциясының болуы 
мен ауырлық деңгейіне баға беруде бастапқы қолайлы тест болып 
табылады (ФШАК1 және ФӨӨК өлшеу). БД диагностикасында 
жалпы 
қабылданған 
өлшем 
200-400 
мкг 
сальбутамол 
ингаляциясынан кейін ФШАК1≥12% немесе ≥200 мл. жоғарылауы. 
- Пикфлоуметрия – ДШЖ анықтау. Бронхолитик 60 л/мин 
(бронхолитик ингаляциясына дейін ДШЖ ≥20%) ингаляциясынан 
кейін ДШЖ жоғарылауы немесе тәулік бойы ДШЖ 20%-дан көп 
өзгеретін болса БД бар болуын көрсетеді. 
- Аллергиялық статусқа баға беру БД қауіптілік себептерін 
көрсетуге 
көмектеседі. 
Негізгі 
диагностикалық 
әдіс 
– 
аллергендермен тері сынамасы; қан сарысуында ерекше IgE 
анықтау қолданылуы мүмкін. Тесттердің оң нәтижесі міндетті түрде 
БД сиптомдарымен сәйкестендірілуі және жиналған сыртартпа
мәліметтерімен нақтылануы қажет.
- Кәсіби БД диагностикалау үшін болжалды аллергені бар 
арандатушы ингаляционды сынаманы немесе сезімтал агентті 
қолдану. Бастапқыда ФШАК1≥80% болғанда жасалады. Өмірге 
қауіпті бронх түйілуінің туындауына байланысты кең көлемде 
қолдануға ұсынылмайды. 
- Қақырықты эозинофил немесе нейтрофил болуына зерттеу. 
- Дем алатын ауадағы азот оксидін зерттеу – тыныс алу 
жолдарының қабыну үрдісінің көрсеткіші ретінде (ИГКС-мен 
емделмеген науқастарда). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет