Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет76/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

БРОНХ ДЕМІКПЕСІ 
Бронх демікпесі (БД) – бұл тыныс жолдарының созылмалы 
қабыну ауруы, оған көптеген жасушалар мен жасушалық 
элементтер 
қатысады. 
Созылмалы 
қабыну 
бронхиалды 
гипербелсенділікті, әсіресе жиі түнгі және таңғы уақыттардағы 
кеуде қуысының бітелу сезімі мен жөтелдің дамуына алып келеді.
Бұл көріністер әдетте жайылмалы, бірақ айқындылығы өзгермейтін 
тыныс 
жолдарының 
обструкциясына 
байланысты. 
Тыныс 
жолдарының обструкциясы ішкі себептермен өздігінен немесе дәрі 
әсеренінен қайтымды. 
 
Жіктелуі
БД жіктелуі өкпе қызметінің көрсеткіштеріне және клиникалық 
көріністердің симптомдарына баға беру арқылы жүргізіледі. 
Қазіргі таңда маңызды болатын жіктемеде БД-нің деңгейін 
бақылау мен емдеуде ауруды бақылауда ұстауға жету мақсаты 
койылады.
Бақылау деңгейіне байланысты: бақыланатын, жартылай 
бақыланатын және бақыланбайтын БД деген түрлері болады. 
Бақылауға баға берген кезде БД клиникалық көріністеріне ғана 


141 
емес, оның болашақта болуы мүмкін қауіп-қатерлерін ескеру қажет 
(ағымының өршулері, өкпенің қызметінің нашарлауы, препараттың 
жағымсыз әсері). 
2-кесте. БД бақылау деңгейлері 
БД бақылау деңгейлері 
А. Ағымдағы клиникалық бақылаудың бағасы (4 апта ішінде) 
Сипаттамалары
Бақыланаты
н БД (барлық 
аталған белгілер 
болған 
жағдайда) 
Жартылай 
бақыланатын БД
(кез-келген 
көрініс) 
Бақыланба
йтын БД 
Күндізгі 
симптомдар 
Жоқ 
(немесе ˂2 
көрініс 
аптасына) 
˂2 көрініс 
аптасына 
Жартылай 
бақыланатын 
БД-нің үш 
немесе одан да 
көп 
көріністерінің 
болуы 
Белсенділігін 
шектеу 
Жоқ 
Бар 
Түнгі симптомдар/ 
ояну 
Жоқ 
Бар 
Шұғыл жағдай 
препараттарын қолдану 
қажеттілігі 
жоқ (немесе 
˂2 көрініс 
аптасына) 
˂2 көрініс 
аптасына 
Сыртқы тыныс алу 
қызметі (ДШЖ немесе 
ФШАК1) 
Қалыпты
< 80% 
міндетті немесе 
жеке ең жақсы 
жеке 
көрсеткіштерден 
(егер белгілі 
болса) 
Б. Болашақ қауіптіліктің бағасы

(өршуі, тұрақсыздық, өкпе қызметің


тез төмендеуі, кері әсерлері)
 
Болашақ жағымсыз өршулердің белгісі: БД нашар клиникалық бақылауы, 
соңғы жыл бойы жиі асқынудың болуы, БД байланысты шұғыл көмек 
бөлімшесіне жатып шығу, төмен ФШАК1, дәрілік заттардың үлкен мөлшері. 
Демікпенің ауырлық дәрежесін анықтау баспалдақты емге 
сәйкес бастапқы ем көлемін таңдауда негізгі бағыт-бағдар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет