137
Басқа препараттар
Недокромил және лейкотриен антогонистерін сәйкесінше
тестлеу жүргізілмегендіктен, оларды ӨСОА кезінде қолдану
ұсынылмайды. Орташа аурылық және ауыр дәрежедегі ӨСОА бар
науқастарда антиTNFαантиденелер (инфликсимаб) қолданылудың
артықшылығының дәлелдері жоқ, бірақ тексерілгенде (қатерлі ісік
дамуы және пневмония сияқты) зиянды жақтары бар екендігінің
кейбір дәлелдері анықталған. ӨСОА кезінде шөптермен емдеудің
әсерлілігі туралы дәлелдер жоқ; басқа баламалы емдік тәсілдер
(мысалы, акупунктура, гомеопатия) сәйкесінше тест арқылы
тексеруден өтпеген.
Достарыңызбен бөлісу: