Диагностикалық өлшемдер
1.
Созылмалы жүйке-психикалық жарақаттар мен қызметтік
зияндылықтарға байланысты АҚ жоғарлауы.
2.
Тұқымқуалаушылық бейімділік (40-60%).
3.
Жиі жағымды ағымды.
4.
Тәулік бойы систолалық АҚ айқын өзгеріп тұруы.
Ағымның криздік сипаты.
5.
Симпатикотонияның жоғарлауының клиикалық белгілері,
тахикардияға, терлегіштікке, үрей сезіміне бейімділік.
6.
АГ-ның клиникалық, ЭКГ және рентгенологиялық
белгілері.
7.
Көз түбінде 1-3 дәрежелі Салюс-Гунна синдромы.
Бүйректің концентрациялық қызметінің орташа төмендеуі
(изогипостенурия, протеинурия).
8.
АГ асқыныстарының болуы (ЖИА, СЖЖ, ми-
қанайналым бұзылысы).
167
Шағымдары мен сыртартпасы:
1.АГ болу ұзақтығы, АГ
жоғарлау деңгейі, гипертониялық
криздердің болуы.
2.АГ-ның екіншілік түрінің диагностикасы:
Отбасылық сыртартпада бүйрек аурулары (бүйрек
поликистозы);
Сыртартпада бүйрек ауруларының, қуықтың инфекциясы,
гематурия, анальгетиктерді шектен тыс қолдану болса (бүйректің
паренхиматозды аурулары);
Әр түрлі дәрілік заттарды қолдану: оральдық ұрықтануға
қарсы заттар, назальдық тамшылар, стероидты және стероидты
емес қабынуға қарсы препараттар, кокаин, эритропоэтин,
циклоспориндер;
Пароксизмальдық тер ағу көріністері, бас аурудың, үрей
сезімінің, жүрек қағудың көріністары (феохромоцитома);
Бұлшық
етті
әлсіздік,
парестезия,
тырысулар
(альдостеронизм)
3. Қауіп себептері:
АГ, жүрек-тамыр аурулары, дислипидемия, қант диабеті
бойынша тұқымқуалаушылықтың болуы;
Науқас
сыртартпасында
жүрек-тамыр
аурулары,
дислипидимия, қант диабетінің болуы;
Шылым шегу;
Дұрыс тамақтанбау;
Семіздік;
Физикалық белсенділіктің төмен болуы;
Ұйқы кезінде қорылдау мен тыныс алудың тоқтауы
(туыстарының айтуы бойынша);
Науқастың тұлғалық ерекшеліктері.
4.
Нысана-мүшелердің зақымдалуы мен ассоцирленген
клиникалық жағдайларды көрсететін белгілер:
Бас ми мен көз – бас ауырсынуы, бастың айналуы,
көрудің, сөйлеудің бұзылысы, ТИШ, сенсорлы және қозғалтқыш
бұзылыстар;
Жүрек – жүрек қағысы, кеуде қуысында ауырсыну,
ентігу, ісінулер;
168
Бүйрек – шөлдеу, полиурия, никтурия, гематурия,
ісінулер;
Шеткері артериялар – аяқ-қолдарының суық болуы,
алмасулы ақсаңдау
5. Алдында қабылдаған антигипертензивті терапия: қолданған
антигипертензивті препараттар, олардың әсері мен көтере алуы.
6. Жұмыс орнының, тұрмыстық жағдайының және сыртқы
орта себептерінің АГ-ға әсер етуін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |