Цифровая дидактика indd



Pdf көрінісі
бет137/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ 
ЦИФРЛЫҚ ДИДАКТИКА


238
 
 

КІРІСПЕ
Білім беру процесін цифрландыру өзіне заманауи жағдайында 
қалыптасатын білім беру процесін және білім беру процесіне 
енгізілетін қазіргі заманғы техникалық құралдарын өзара трансформа-
циялауды білдіреді. 
Білім беру процесін қайта өзгертудің мақсаты максималды 
тиімділікпен цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін қолдану болып 
табылады. Өз кезегінде білім беру саласында технологияларды 
дамытудың мақсаты оның тұтастай бейімделуі болып табылады және 
бекітілген педагогикалық міндеттерді оқу процесіне максимальді 
түрде ыңғайлы шешу үшін оны оқу процесіне қолайлы ету. 
Осыған байланысты қазіргі студенттерді цифрлық қоғамдағы 
өмірге дайындауға, сондай-ақ цифрлық экономика жағдайында кәсіби 
қызметті ұйымдастыруға бағытталған білім беру процесінде күшті 
және маңызды өзгерістер орын алады. 
Цифрлық дидактика 
– бұл қоғамды цифрландыру жағдайында 
білім беру процесін ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық сала.
Аталған ғылыми пән дидактика принциптері мен негізгі түсініктер 
үшін дәстүрлі қолданылуда, алайда оның қазіргі шындыққа 
бейімделуін түрлендіріп, толықтырады. Цифрлық дидактика қазіргі 
заманғы әдістемелер мен оқыту стратегияларын құрудың негізі болып 
табылады. 
«Жоғары мектептегі цифрлық дидактика» оқу құралында цифрлық 
дидактиканың объектісі, пәні, міндеттері, функциялары және санат-
тары қарастырылады; цифрлық дидактика проблемалары бойынша 
заманауи көзқарастар; жүйелік және заңдар, принциптері; цифрлық 
дидактикада оқыту процесін ұйымдастыру; цифрлық дидактикада 
жоғары кәсіби білім берудің мақсаты мен мазмұны; цифрлық дидак-
тиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары; цифрлық 
дидактикада оқыту құралдары; студенттердің өзіндік жұмыстары; 
цифрлық оқыту жағдайында педагогикалық бақылауды ұйымдастыру; 
ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттырудың цифрлық дидактика 
ролі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет