257
Цифрлық білім беру ортасы – бұл адамды оқыту, дамыту,
әлеуметтендіру, тәрбиелеу шарттары мен мүмкіндіктер кешені.
Осы ортаның педагогикалық әлеуетінің қаншалықты сұранысқа
ие болатындығы және пайдаланылатындығы білім алушының
меншікті субъекттік белсенділігі мен оқудағы өз бетіншелігіне бай-
ланысты. Кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алу-
шылар үшін, әдетте, цифрлық оқытудағы білім беру ортасының
әлеуетін пайдалануға мотивациялық және инструменталды-іс-
әрекеттік дайындығы төмендігімен ерекшеленеді. Осыған орай, әр
түрлі мүмкіндіктерге бай цифрлық білім беру ортасын құру бұл –
педагогикалық тиімді цифрлық білім беру процесін ұйымдастырудың
қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты болып табылады. Цифрлық
дидактиканың орталық пәні болып табылатын цифрлық ортадағы
білім алушылардың (оқу процесіндегі) іс-әрекетін ұйымдастыру
жүйесі қажет.
Цифрлық технологиялар оқытуды дербестендірудің шексіз көп
бағыттарымен қамтамасыз ете алады, оның ішінде: мазмұны бой-
ынша, оқу материалын игеру қарқыны бойынша, күрделілік деңгейі
бойынша, оқу материалын ұсыну әдісі бойынша, оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру формасы бойынша, оқу тобының құрамы бойынша,
қайталану саны бойынша, сыртқы көмек дәрежесі бойынша, білім беру
процесінің басқа қатысушылары үшін ашықтық және жариялылық
дәрежесі бойынша және т.б. Барлық осы дербестендіру бағыттары бір
уақытта жүзеге асырылуы мүмкіндігі маңызды, бұл білім беруді әрбір
нақты оқушыға сәйкес жүргізуге де мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: