Цифровая дидактика indd


 Цифрлық дидактика және оның ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет143/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

1.3 Цифрлық дидактика және оның ерекшелігі
Дидактика өзінің ғылыми терминологиясын жаңарту сатысында 
болып табылады, сондықтан бұл процесті аяқталған деп санауға 
болмайды. Қазіргі кезеңде дидактика өзіндік ерекшеліктерге және 
өзіндік ғылымның сипаттамаларына ие болады, осыған байланысты 
цифрлық дидактика – цифрлық қоғам жағдайындағы оқыту процесін 
ұйымдастырудың бір саласы ретінде ерекшеленеді. 
Бүгінгі таңда педагогикалық білімнің жаңа саласы – цифрлық 
дидактика (немесе электронды мультимедиялық дидактика (ЭМД)) 
пайда болуы туралы айтуға толық негіз бар.


250
 
 

Цифрлық технологияларды білім беру практикасына енгізу процесі 
көбінесе стихиялы түрде және жүргізіліп жатқан цифрлық трансфор-
мацияны тұжырымдамалық түсінуді дамытудың алдына түсіп кетіп 
отыр. 
ХХІ ғасырдың басында білім беруде цифрлық технологияларды 
қолданудың перспективаларын талдауға еркше назар аударылған 
жұмыстар басым болды, ал білім беру практикасында цифрлық 
технологияларды жүйесіз енгізу, оларды қолданудың жергілікті 
дидактикалық тәжірибесін қалыптастыру, тіпті дидактикалық-
технологиялық тәжірибелер мен парадигмалардың стихиялы пайда 
болуы процесі жүріп жатты (И.В.Роберт).
Бұл цифрлық құралдарды пайдалану кезінде «әртүрлілік» 
жағдайына, тіпті кейде педагогикалық мәні бар негіздердің де 
жоғалуына әкелді.
Цифрлық трансформация стихиялық жекелеген жаңалықтар 
ағыны деп қарауға болмайтынын түсіну бұл білім беру процесінің 
барлық жағдаяттары мен жағдайларының өзгеруін тудырады
жүйелі теориялық – әдіснамалық, тұжырымдамалық көзқарасты 
қалыптастыру қажеттілігін негіздейді.
Алғашқы концепттер дидактика саласында қалыптаса бастайды, 
өйткені, ең алдымен, білім беруді цифрлық трансформациялаудың 
іс-әрекеттік негіздерін, цифрлық білім беру ортасында кәсіби 
педагогикалық іс-әрекет қалай өзгеруі қажет екендігін түсінуді 
қалыптастыру қажет. Басымдық міндеттердің қатарына цифрлық 
дәуірдің дидактикасын (И.В.Роберт) немесе «цифрлық дидактиканы» 
(В.И.Блинов), қазіргі жағдайды тұтас концептуалды әлеуметтік-мәдени 
түсінуді қалыптастыру жатады (А.М.Кондаков). В.И.Блиновтың 
пікірінше, «педагогика ғылымының жаңа саласы – цифрлық 
дидактиканың құруға негізделген конструктивті тәсіл қажет», оқу 
электрондық басылымдар мен ресурстарды құру және пайдалану 
(Е.И.Бидайбеков), қашықтан оқыту әдістемесі мен технологиясы 
(Ә.Құсайынов, А.Ә.Шәріпбай) жасау қажет.
Сонымен қатар, білім беруді цифрландыру бойынша зерттеулер 
көлемінің қарқынды өсуі, демек, позициялар мен тәсілдердің сан алуан 
түрлілігі күн тәртібінен тұжырымдамалық интегративті негіздерді 
табу міндеттерін алып тастап қана қоймайды, сонымен қатар оның 
өзектілігін арттырады.
«Цифрлық білім берудің педагогикалық технологиялары» концепті 
мәнін аша отырып: В.И.Блинов цифрлық дидактика мазмұны мен 


251
білім беру нәтижелеріне емес, принципальды түрде оқыту технологи-
яларына басым мән беретін теория ретінде құрылуы керек. Сонымен 
бірге ол өзінің білім беру әлеуеті бар жалпыға қол жетімді цифрлық 
технологиялардың пайда болуы ғана жаңа негізде «педагогикалық 
технология» идеясын жаңа негізде жандандыруға мүмкіндік береді.
Оқыту технологияларын педагогикалық – шығармашылық 
жобалау жаңа цифрлық аспаптарды қолданудың ашылып жатқан 
мүмкіндіктеріне негізделген цифрлық дидактиканы дамытудың басты 
бағыты деп танылады.
К.Зиерердің концепті бойынша «цифрлық дәуір адамы», «тұлғалық 
кәсіби даму» білім беру жауапкершілігінің басты фокусы барлық 
уақытта адамның дамуы болып табылады.
Педагогикадағы адам - бұл бір мезгілде әрі бастапқы санақ нүктесі, 
әрі соңғы нәтиже. Бұл тәсілді білім беруді цифрландыруға да қолдану 
керек. Цифрлық технологиялар білім беру процесінің педагогикалық 
құраушысын ауыстыра алмайды. Оның үстіне цифрландыру 
педагогикаға бағынышты болуы керек. Жоғары оқу орындарындағы 
цифрлық дидактиканың ерекшеліктерін анықтауға кірісе отырып
«цифрлық дидактика» ұғымының анықтамасын нақтылау қажет.
Цифрлық технологияларды білім беруде қолдану туралы 
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау осы заманауи 
проблеманың мәнін ашатын анықтамалардың көптігін көрсетеді.
1.1-кесте – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет