Цифровая дидактика indd



Pdf көрінісі
бет139/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

Курсты оқытудың мақсаты
– білім беру кеңістігіндегі цифрлық 
дидактиканың әдіснамалық және теориялық білімдерінің жалпы 
мәселелерімен танысу.
Курсты оқыту процесінде студенттердің білуі тиіс жайттары:
– цифрлық дидактикалардың өзекті проблемалары;
– білім беру кеңістігіндегі цифрлық дидактиканың түсінігі мен 
мәні;
– цифрлық дидактикалардың объектісі, пәні, міндеттері, функция-
лары және санаттары. 
Білуі тиіс: 
– АКТ-ны немесе олардың элементтерін қолдану арқылы білім 
алушылардың дәрістерін, практикалық, зертханалық және 
өзіндік жұмыстарын жүргізу; 
– қоршаған орта шындығынан педагогикалық фактілер, құбы-
лыстар, оқиғаларды ажырату және әдіснамалық білім, түсіндіру, 
болжау заңдылықтарына сүйене отырып, оларды цифрлық педа-
гогика тілінде сипаттау; 
– цифрлық дидактиканың заңдылықтары мен заңдарын негізге ала 
отырып, оқу-тәрбие процесін құру;
– цифрлық дидактиканы оқыту құралдарын қолдану. 
Дағдының болуы:
– цифрлық дидактика проблемалары мен оның арықарай даму 
болашағын шешу;
– оқытудың цифрлық технологияларының тиімді цифрлық форма-
лары, әдістері мен құралдарын қолдану;
– цифрлық дидактиканы оқыту процесін ұйымдастыру;
– цифрлық оқыту жағдайында педагогикалық бақылауды 
ұйымдастыру;
– білім беруді цифрландыру жағдайында білім беру процесіне 
қатысушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау.


241
1. ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ДИДАКТИКА 
1.1 Цифрлық дидактиканың қалыптасу 
тарихына қысқаша экскурс
Цифрлық дидактика 
білім беруді цифрландыру
әлемін теориялық 
түсінудің ерекше педагогикалық тәсілі ретінде білім беру мен 
оқыту процесінің қызметі мен даму принциптерін, құндылықтарын, 
заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың ғылыми саласы болып 
табылады.
Цифрлық технологиялар ғасырында дәстүрлі парадигмадан цифр-
лық парадигмаға көшу жүріп жатқандықтан, оқытудың, классикалық 
дидактиканың дәстүрлі тәсілдерін қайта қарастыру талап етіледі. 
Мұның бәрі қазіргі дидактикада болып жатқан өзгерістерді талда-
уды және әртүрлі цифрлық технологияларды қолданудың заманауи 
тәсілдерін ескере отырып, оқу процесін түрлендіруді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет