Цифровая дидактика indd



Pdf көрінісі
бет240/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

Жергілікті деңгей
(тек 
белгілі бір жерге ғана 
тән, белгілі бір шек-
терден шықпайтын; 
жергілікті) негізінен 
ақпараттық оқыту 
үшін. Бұған электронды 
оқулықтар сияқты 
сандық құралдар кіреді.


414
 
 

Бақылау сұрақтары
1. «Ақпараттық-коммуникациялық құралдар» терминін қалай 
түсінесіз?
2. Электрондық (сандық) оқытуға арналған платформа мен жүйе 
туралы түсініктерді түсіндіріңіз. Оларды қалай ажыратуға бола-
ды?
3. «Оқытуды басқару жүйесі (LMS) «ұғымы» сандық құрал 
«ұғымымен синоним бола ма?
4. Сандық оқытуда қандай режимдер қолданылады?
5. Оқыту режиміне қатысты оқытуды басқару құралдары қандай 
топтарға бөлінеді?
6. Сандық құралдардың қандай топтары тек офлайн режимінде 
қолданылатын сандық құралдарға жатады? Неліктен?
7. Сандық құралдардың қандай топтары тек онлайн режимінде 
қолданылатын сандық құралдарға жатады? Неліктен?
8. Қандай сандық құралдар топтары офлайн және онлайн режимінде 
қолданылатын сандық құралдарға жатады? Неліктен?


415
9 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ
Жоғары мектептің міндеті түлектерді тиімді кәсіби қызметке даяр-
лау болып саналады. Іс жүзінде бұл міндетті жүзеге асыру үшін әртүрлі 
тәсілдерді қолдануға болады, солардың бірі – студенттердің өзіндік 
жұмысын оңтайландыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған 
жағдайда, бұл оларға уақыттарын өз бетінше тиімді жоспарлауға, 
белгіленген мақсатқа жету жолында тапсырмаларды орындау тәртібін 
дұрыс анықтауға, басымдықтарды дұрыс белгілеуге және өзін-өзі 
дамыту процестеріне жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді. 
Осы контексте әр оқытушы өзі оқытатын пәнді жетік меңгеріп қана 
қоймай, сонымен қатар педагогика, психология және тұлғааралық 
өзара әрекеттесу әдістемесін де білуі талап етіледі. Бұл ретте біз үшін 
педагогикалық пәндер бойынша студенттердің өзіндік жұмысын 
ұйымдастыру барысында қазіргі заманғы цифрлық технологиялардың 
әлеуетін қолдану өте орынды болып көрінеді. Жоғары білімді 
цифрландырудың өзекті тенденциялары аясында студенттердің 
өзіндік жұмысын трансформациялау бірқатар шарттар орындалған 
кезде ғана жүзеге асады. Яғни, олардың қатарына оқу процесіне 
қатысушылардың белгілі бір цифрлық сауаттылық деңгейінің болуы 
сияқты шарттарды жатқызуға болады.
Студенттердің цифрлық сауаттылығын қалыптастыру өзара бай-
ланысты аспектілерде жүреді, олардың қатарына университеттегі 
ақпараттық технологияларды оқып үйрену, сондай-ақ білім алу және 
қарым-қатынас жасау үшін компьютерлерді, интернетке қосылған 
телефондарды өз бетінше пайдалану жатады. Бұл оқу процесіне 
қатысушыларды виртуалды ортада өзара еркін іс-қимыл жасай алатын 
және өзінің оқу және кәсіби қызметінде цифрлық технологияларды 
табысты қолдана білетін, сауатты және өз-өзіне сенімді пайдаланушы-
ларды қалыптастыруы тиіс. 
Зерттеушілердің пайымдауы бойынша, «өздік жұмысты 
ұйымдастырудың оңтайлы формаларын таңдай отырып, оқытушы 
студенттің максималды мотивациясын қамтамасыз етуге тырысуы 
керек, ол үшін әр студенттің жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, 
тапсырманың көлемін дәл анықтап, оны жүзеге асырудың оңтайлы 
уақытын есептеу керек. Тапсырманың шамадан тыс көлемі және 
шамадан тыс жоғары талаптар оқу мотивациясын күрт төмендетеді». 
Сондықтан студенттердің өзіндік жұмысы аясында ұсынылатын 
тапсырмалардың құрылымын нақты анықтау қажет.


416
 
 

Іс жүзінде студенттерге ұсынылатын тапсырмалар жиынтығын 
құрастырудағы оқытушының қызметі жүйелі болуы керек. Бұл 
дегеніміз қолданыста бар оқу материалдарын университеттің 
электрондық ақпараттық-білім беру ортасына жай көшіріп қана 
қоймай, оларға біршама түзетулердің қажеттілігін тудырады. Бұл 
тәсілді жүзеге асыру бірқатар қағидаларды орындау барысында, соны-
мен қатар, олардың саналы үйлесімі студенттердің тепе-теңдігін және 
оқытушы тарапынан қажетті бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік 
береді. Содан кейін талқылау нәтижелері студенттерге ұсынылған 
материалдардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында тал-
дануы мүмкін және алынған мәліметтер университеттің электрондық 
ақпараттық-білім беру ортасының мазмұнына қажетті түзетулер мен 
оңтайландыру енгізу үшін пайдаланылды. 
Осыған байланысты, бүгінгі таңда жоғары білімді цифрландырудың 
өзекті үрдістеріне сәйкес студенттердің өзіндік жұмысын 
ұйымдастыру тәсілдерін трансформациялау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет