417
П.И.Пидкасистойдың пікірінше, дәстүрлі педагогикада «өзіндік
іс-әрекеті « және «өзіндік жұмыс» ұғымдарының айырмашылықтары
бар. Олар бірдей емес, бірақ өзара байланысты.
Өзіндік жұмыс
студенттердің шығармашылық дербестігін дамытуға өз үлесін
қосады. Өзіндік жұмысты білім беруді ұйымдастыру нысаны немесе
оқыту әдісі ретінде емес, керісінше, студенттерді өзіндік танымдық
іс-әрекетке қызықтыру құралы ретінде қарастыру керек.
Бұл өзіндік
іс-әрекетті логикалық және психологиялық тұрғыдан ұйымдастыру
құралы.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау білім берудің
әртүрлі деңгейлеріндегі оқу процесінде өзіндік жұмыстар әрқашан
ғылыми зерттеулердің орталығында болғанын көрсетеді. Т.А.Ильиной,
П.И.Пидкасистого, Ю.К.Бабанского, Б.П.Есипов және басқалар өз
еңбектерін осы мәселеге арнаған.
Профессор Х.И. Ибрагимов өзінің «ЖОО білім беруді цифрландыру
жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру» атты
мақаласында былай деп жазады: «…жоғары білімді цифрландырудың
өзекті тенденциялары аясында студенттердің өзіндік жұмысын транс-
формациялау бірқатар шарттар орындалған кезде ғана жүзеге асады.
Яғни, олардың қатарына оқу процесіне қатысушылардың белгілі бір
цифрлық сауаттылық деңгейінің болуы сияқты шарттарды жатқызуға
болады». Ал, «өзіндік жұмысты трансформациялау» дегеніміз не?
С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде трансформация-трансформа-
циялау. Бірінен екіншісіне айналдыру, түрлендіру.
Осылайша, өзіндік жұмыс –
студенттердің белсенділігін,
дербестігін, танымдық қызығушылығын ынталандыратын білім беру
процесін ұйымдастыру нысаны.
Білім алушылардың өзіндік жұмысының мақсаты – триместр
немесе семестр бойы пәндерді жүйелі оқытуды ұйымдастыру, алған
білімдер мен дағдыларды
бекіту және тереңдету, алдағы сабақтарға
дайындық, сондай-ақ ақыл-ой қызметінің цифрлық мәдениетін және
ізеніс пен дағдыларды меңгерудегі дербестікті, цифрлық оқыту
жағдайында жаңа білімді өңдеуді қалыптастыру.
Осылайша,
біз келесі анықтаманы ұсынамыз, цифрлық дидак-
тикадағы білім алушылардың өзіндік жұмысы – оқытудың
ұйымдастырушылық нысаны ретінде қарастырылатын, білім алушы-
лардың цифрлық қызметін басқаруды немесе білім алушылардың оқу
және ғылыми қызметтің білімі мен білігін
игеру жөніндегі қызметін
418
бөгде адамның көмегінсіз басқаруды қамтамасыз ететін педагогикалық
жағдайлар жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: