Цифровая дидактика indd


 Студенттердің өзіндік жұмыстарын жоспарлау



Pdf көрінісі
бет242/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

9.2 Студенттердің өзіндік жұмыстарын жоспарлау
Қазіргі білім берудің негізгі тенденцияларының бірі – өз бетінше
дербес білім алу болып табылады. Өзіндік жұмыс құзыреттілік 
тәсілінің идеяларын іске асырушы басты факторларының бірі 
болып табылады. Енді оқытушы студенттің іздеген ақпараттарының 
жалғыз қайнар көзі ретінде қарастырылмайды, өйткені қазіргі жастар 
Интернеттен қажетті ақпаратты табуға дағдыланған. Бұл жағдайда 
оқытушының рөлі өзгереді, енді ол қажетті ақпаратты іздеуде және 
ақпараттық ресурстарды өңдеуде студенттің жұмысын дұрыс бағытқа 
бағыттай білуі керек. Ол қазіргі заманауи студентті өз білімінің 
нәтижелеріне жауапкершілікпен қарауға, ақпараттық қоғамға сай сәтті 
және тиімді әлеуметтену үшін өзіндік жұмыстың маңыздылығын 
түсінуге және саналы түрде меңгеруге үйретуі керек. 
Қоғам заманауи маманға қойылатын талаптардың кең тізімін 
ұсынады, олардың ішінде түлектердің белгілі бір білім алу мақсатында 
әр түрлі дереккөздерден өз бетінше ізденуі, алынған ақпаратты 
жүйелеуі және нақты қаржылық жағдайға баға берудегі қабілеттері 
мен дағдылары айтарлықтай маңызды. Студент мұндай қабілеттер мен 
дағдыларды бүкіл оқу кезеңінде практикалық сабақтарға қатысып, 
бақылау тапсырмалары мен тестілерді орындап, курстық және 
дипломдық жұмыстарын жазу арқылы ғана қалыптастыра алады. 
Сонымен қатар, студенттердің өзіндік жұмысы бүкіл оқу процесінде 
шешуші рөл атқарады. 
Студенттердің өзіндік жұмысының формалары әртүрлі. Олар 
мыналарды қамтиды:
• «Консультант-плюс», «Гарант» ақпараттық-іздестіру жүйелерін, 
«Интернет» жаһандық желісін пайдалана отырып, ресми 
Мемлекеттік құжаттарды – заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды, 
нормативтік-нұсқаулық және анықтамалық материалдарды зер-
делеу және жүйелеу;
• ресми, статистикалық, мерзімді және ғылыми ақпараттардың 
электрондық құралдарын назарға ала отырып, білім мен ғылым 
және әдістемелік әдебиеттердің, мерзімді басылымдардың мате-
риалдарын зерделеу;


419
• баяндамалар мен рефераттар дайындау, курстық және дипломдық 
жұмыстарын жазу;
• студенттік конференцияларға, кешенді ғылыми зерттеу 
жұмыстарына қатысу.
Өздік жұмыс студенттерді ғылыми шығармашылыққа, қазіргі 
заманғы өзекті мәселелердің шешімдері мен баламаларын іздеуге және 
шешуге баулиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет