Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет115/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Ақжол бидің өлімі өзі ойлағандай Жәнібек пен Керейді құртатын жол болмай 
шықты. Хан өз қатесін өзі мойындады, бұл өлімнің аяғы үлкен насырға, ел бүлінер 
дау-жанжалға шабатынына шек келтірмеді. Хан мұны есіне ұстауға тиісті екенін 
мықтап түйді. 
Ақжол бидің жетісін бергеннен кейін Жәнібек пен Керей қазақ руларының 
сойыл ұстар жігіттерін, Орда-Базар сыртына сапқа тұрғызып қойып, хан сарайына 
келді. Қазалы ерінің құнын сұрады. Әбілқайыр: «Қыпшақтың үш жігітінің басын ал, 
бір бидің жоқтауы осы үш адамның қанымен бітсін» деді. 
Жайшылықта ақ жарқын Жәнібек қараңғы түндей түнере: 
— Бізге жазықсыз жандардың қаны керек емес. Жазықты Қобыландының басы 
керек, — деді. 
Хан көнбеді. Бұл айқас тек Қобыландының басымен тынбайтынын білетін-ді. 
Қобыландыдан айрылса бар Қыпшақтан мүлдем қол үзетінін есепке алды. 
Сондықтан «жоқ, Қобыландыны бермеймін» деді. 
Жәнібек пен Керей орындарынан түрегелді. 
— Олай болса, біз кеттік, — деді қос сұлтан. 
Бұлар келместен бұрын Әбілқайыр хан сарайының мұнарасынан Кеңгірді 
бойлай, Орда-Базардың күнгей бетінде құмырсқадай қаптаған әскерді көрген 
Жәнібек пен Керей қоштаспай, өктемдей адымдап есікке таянғанда «ұстаңдар 
мыналарды!» дей алмады нөкерлеріне. Жер шұқыған қалпымен үн-түнсіз қала 
берді. 
Күн бата Арғын, Тарақты, Керей, Найман, Қоңырат, Уақ руларының біраз ауылы 
Жәнібек пен Керейге еріп, Моғолстанға қарай көтерілді. 
Қалың әскері қорғаған қазақ рулары түні бойы көшті. 
Таң атып, күн шыққанда кешегі ақшағала қалың ел сыңсып отырған шалғын 
шөпті жазық даланың біраз жері құлазып бос қалғанын Орда-Базар халқы тегіс 
көрді. Осылай боларын білген Әбілқайыр, хан сарайынан шықпай жатып алды. 


123 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет