Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет113/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   316
Әдеби KZ
 
 
жырау толғауын тоқтатқан жоқ. Көрші үйлерден әйелдердің зарлы жоқтаулары да 
адамның жүрегін тырнап естіліп жатты. 
Хан жайласып отырғаннан кейін ғана қара орданың ішіне көз сала бастады. 
Орданың сырты қандай қара болса, іші де сондай қан жылаған қара екен. Алтын, 
күміспен зерлеген қара сырлы уық, кереге, бақан. Абажадай қара шаңырақтан 
жерге салбыраған қара шуда жіптен өрген шашақты тұжырма. Үй іші адамның 
зәресін алып, құтын қашырғандай... Әбілқайыр енді сол жақта, қара мақпалдан 
оюлап өрнек салынған ақ кигіздің үстінде жатқан өлікке қарады. Ақжолдың 
денесіне көзі түсер-түспестен селк етіп шошып кетті. Табытта қопарылған түйе 
тастай боп дөңкиіп Ақжолдың денесі жатыр, басы жоқ. Алып денеден қан ұйып 
қара күреңденіп кеткен, тек мойын омыртқасы көрінеді. Тас жүрек мызғымас ер 
болсаң да мына суреттен жан түршігерлік? Мына жырда басы болған, ал мына 
тұсы тымақ киетін жері еді дегендей, өліктің мойынынан бір жарым қарыс- 
тай жоғары Ақжолдың көк тысты құндыз тымағын қойыпты. Бүкіл қара бояу- 
лы үй ішінде тек түсі өзгеше осы тымақ қана. Жайшылықта жігіттің көркі болар 
әдемі қымбат тымақ, мойынмен екеуінің арасында бұрын бас болғанын әдейі 
көрсетіп, адам құтын бұрынғысынан да ала түскен. Әбілқайырдың бойы дірілдеп 
кетті. Хан әбігерін Жәнібек пен Керей бірдей сезді, бірақ оны басып тіс жармады. 
Әбілқайыр көзін өліктен аударып кереге тұсына қарады. Өліктің бас жағында 
керегеде ілулі, өлер күні кимеген, Ақжолдың болат сауыты мен іші қалың кигізбен 
әдіптенген кіші-гірім қара қазандай көк құрыш дулығасы ілінген. Кеуде тұсына 
бидің той-думанға деген қара камшат ішігі мен қайқы бас саптама үргеніш етігі. 
Аяқ жағында өлер күні тағы үйде қалған батпан қара шоқпары мен бидің өзінен 
басқа тірі жан алмайтын қайың садағы. «Осы заттары сол күні Ақжол бимен бірге 
болса, Қобыланды батыр бұны өлтіре алмас еді» деп ескертіп өлік басына әдейі 
қойғандай. 
Жырау сыбырлай зарлайды: 


121 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет