Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет171/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   316
Әдеби KZ
 
 
бармайды. Жоңғар қақпасына келіп, шүлдірлеп азан-қазан болып жатқандарында, 
бер жағынан біз де жетеміз... Кілең атты қазақ, сойылға қарсы келе алмайтын 
өңшең жаяу қытай әскерін қайтадан өз жеріне қуып тығады. Бұл оларға да, бізге 
де үйреншікті әдет. Сондықтан да бәлен ғасырдан бері Қытай богдахандары біздің 
жерімізге ең болмаса бір қаласын тұрғыза алмай келе жатқан жоқ па? әрине 
бұның бәрі күші жетпегендіктен. Әйтпесе қазақты аяйын деп отырған Қытай 
богдахандары жоқ. Қасқырға бата алмаған бұралқы, үреген, сабалақ майлыаяқтар 
тәрізді, құр байбаламымен қорқытпақ. «Құлжа, Қашқарға аттанамыз деп күні 
бұрын дабыл қағып мазаны алмақ...» 
«Расымен бұ жолы да олардікі құр байбалам ба? Жоқ, бұ жолы құр қор- 
қыту емес тәрізді... Моғолстанның бір күшсіз, қамсыз кезін дәл басып отыр. 
Моғолстанның шығыс жағын билейтін Моғол хандары мен солтүстік жағын бас- 
қаратын Жағатай ұрпақтарының арасындағы өзара алауыздықтың аса бір қатты 
шиеленіскен уақытында бас салмақ. Ел басқаратын хандар арасында бірлік жоқ 
кезде, сырттағы жау әдеттегісінен анағұрлым қауіпті...» 
Әйтсе де Исан-Бұғының құтын қашырып тұрған бұл жәйт емес. Басқа. 
Ақсақ Темір ұрпағы мен Жағатай ұлысының хандары бабалары өлгеннен бері 
жан аяспас қас. Бұл қастық әсіресе Самарқант тағына әбусейіт отырғаннан кейін 
күшейе түскен. Көк Орда ханының жәрдемімен таққа отырғанын әбусейіт тез 
ұмытқан. Енді ол өзін-өзі бір ұлы сайыпқыран патша санап, жан-жағына алабұртып 
қарай бастаған. Моғолстан жеріне де көз жіберіп, бір-екі рет Түркістан өлкесінің 
оңтүстік жағына да бас сұғып көрген, бірақ соғыс ісіне шебер, Уайс пен Исан-Бұғы 
хан оның дегеніне бола қоймаған. Бұл жағдай Самарқант әміршісін Жағатай 
ұрпағына тіпті өшіктіре түскен. 
Жағатай, Моғол хандарымен күресетін бөтен жолын таба алмаған әбусейіт, 
ақырында Уайс хан балаларын бірін-біріне айдап салмақ болған. Ол Иранда 
жүрген Жұныс сұлтанды шақырған. Кеше осы әбусейіт Ордасынан Исан-Бұғыға 
жасырын кісі келген. Осы құпия адамның айтуына қарағанда, әбусейіт Жұныс 


184 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет