Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет167/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Ғапу етіңіз, хан оғлы, жолыңыздан кездесіп қалғаныма! — деді ол басын иіп, 
— бұл ара сіздің ойнайтын жеріңіз емес еді... 
«Бәсе айттым ғой, бұл перінің қызы деп, әйтпесе менің хан баласы екенімді 
қайдан біледі? Пісмилла! Пісмилла!..» әйтсе де қызға жауап бермеу мүмкін емес 
еді. Егер адам айдалада келе жатып, жол үстінде жайнап жатқан гауһар тасты 
көрсе бір бұрылмай кете алар ма, қыз да осы ғажайып гауһар тастың дәл өзі 
болатын. Исан-Бұғы оған тіл қатпай қала алмады. 
— Таяма! — деді ол даусы дірілдеп. — Өзің кімсің? Адамсың ба? Жынсың ба? 
Қыз Исан-Бұғының шошып қалғанын енді сезді. Ол мұңая езу тартты. 
— Қорықпа, адаммын, — деді ол. Сөйдеді де ананың қанжарынан қолын 
алмай тұрғанын аңғарып, тағы да мұңая езу тартты. — әкең әкемді өлтіріп еді, енді 
сен мені өлтірмексің бе? Жазығым не? — Қыз ақырын күрсінді. — Бұл күні 
жазыққа қарайтын заман ба? Мейлі өлтіргің келсе, өлтіре бер... 
«Бәсе, былтырғы дарға асылған кәпір де осы қыз секілді көк көз, ақсары еді 
ғой. Көп болса қызы шығар... Бірақ әлі сенбей тұрған Исан-Бұғы: 
— Расымен адамсың ба? — деді әлі де қанжарынан қолын алмай. — Онда 
«оллаги, биллаги, Мұхаммедтің үмбетімін, жалған айтсам құдайтағала кәрі соқ- 
сын» деші. 
Қыз сәл жымиды. 
— Рас айтам, адам баласымын. Егер өтірік айтсам құдайтағала кәрі соқсын. Ал 
Мұхаммед пайғамбардың үмбетімін дей алмаймын, мен насрани дінінің 
үмбетімін. 
— Ол не? Кәпірсің бе? 
— Сендерше кәпір... Біздерше ең әділетті діннің құлымыз... 
«Жын-пері болмағаныңа мың да бір шүкір. Ал кәпірлігіңді тастап, мұсылман 
дініне ауысуың тақа қиын болмас... Оны соңынан көрерміз...» 
Исан-Бұғы қыз сөзіне сенді. Сенбеске амалы жоқ еді. Өйткені қыздың кәпірлік 
күнәсын сұлулығы жеңіп кеткен. Оның жын-пері еместігін біліп қуанған бала жігіт 


180 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет