Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет166/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   316
Әдеби KZ
 
 
дініндегі адамдарды ақ жолынан адастырмасын деп біржолата құртуға жарлық 
берген. 
Исан-Бұғы бұл күнгі көрген көрінісінен жас жанын деміктіріп күйзелмеген. Қарт 
адам Дәниелдің ажалы да, жасыл күмбезді әдемі шіркеудің қирауы да көңілінде 
бәлендей із тастамаған. Бірақ бұл жалғанда ұмытпас әсерді оған бас- 
қа жағдай қалдырған. Ер жетіп келе жатқан хан балалары, қираған шіркеу тұрған 
жердегі тамаша бау-бақшаға келіп, сан түрлі ойынға берілетін. Бір күні осындай 
жағдайда Исан-Бұғы жасыл емен түбіне сүйегі жерленген Дәниелдің төмпешік 
зиратының басында булыға жылап отырған қыз баланы көрді. Үстіне қара киген, 
қолында бір шоқ гүлі бар, шамасы он екі-он үш жасар. «Бұл не қылған қыз? 
Қайдан келді?» Исан-Бұғы таяй түсті. Дәл осы кезде қыз бала да орнынан 
түрегелді. Исан-Бұғы беліндегі қанжарын шап беріп, ұстай алды. «Жоқ, бұл адам 
емес, перінің қызы! Мұндай адам баласы жаратылуы мүмкін емес!» Расында да 
қыз хан баласының жайшылықта көріп жүрген қыздарына тіпті ұқсамайтын еді. 
Үлкен көгілдір көзі тұнып жатқан Көкше теңіз суындай көкпеңбек, ақсары жүзді, 
қыр мұрын, сұңғақ бойлы. Исан-Бұғыны таң қалдырған әсіресе шашы болды. Ол 
мұндай шашты жаратылғалы көрген емес. Жерге шұбатылып жатқан қос бұрымы, 
нағыз бір төбесінен етегіне дейін толқындала төгілген қызыл алтын тәрізді... Жоқ, 
Исан-Бұғы мұндай қызғылт шашты еш уақытта да көрген жоқ. Мұндай шаш 
адамзатқа бітуі мүмкін емес. Мұндай шаш тек су перілерінде болады деп еститін. 
«Өзі де су перісіндей сұлу екен. Сірә, мені, сиқырлап алуға су астынан шыққан 
ғой». Пісмилла! Пісмилла! Мен бұнымен тіл қатысуға тиісті емеспін. Егер 
тілдессем біткенім... Жоқ, жоқ егер маған таяйтын болса, қанжарымды жіберуім 
керек... Бұл су перісінің қызын өзіме жуытпауым керек... Астапыралла, 
астапыралла!..» 
Бірақ қыздың өзі де таямады. Ол Исан-Бұғының бетіне азапты пішінмен
жасқана қарады. Көзі күздің бұлыңғыр күніндей тұманды жасқа толы. 


179 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет