Әдеби KZ жерде Ақсақ Темір уақытында салынған Қаңғыт руының дихасы — Маңғыт, одан
әрі бір күндік жерде Үргеніш шаһары жатқан. Ал Жейхунның оң жағы — сұрғыл
төбелі, тек жусан мен баялыш қана өсетін, түйіршік тасты ұшы-қиыры жоқ дала,
Қарақалпақ тұсы — Сұлтан Уайстың ұлысы еді. Көк Орда мен осы Жағатай
ұрпағының меншікті жерін екіге бөліп, екпіні Сейхуннан екі есе күшті, сұрғылт
толқынын үйірілте бұлқынған, адамның бір қарағаннан қарадай зәресі ұшатын,
мол сулы Жейхун ағатын. Осы Жейхун дарияның күнбатыс жағасында биіктігі
қырық, қалыңдығы он құлаштай сұрғылт топырақты шымнан құйған бекініс бар.
Бекіністің ішінде сұрғылт кірпіштен қалаған бірнеше кең сарайлар салынған. Міне,
осы бекініс, соңынан Сұлтан-Уайс-Даг деп аталған жер, Уайс сұлтанның атамекен
қонысы болатын.
Исан-Бұғының балалық шағы осы жерде өтті. Әкесі ұзақ жыл Моғолстан
әскерін басқарып, басынан сан жорықты өткізіп ақырында өзінің қастарын жеңіп,
ақ кигізге көтеріліп хан болған. Содан кейін барып Исан-Бұғы Моғолстанның
астанасы, бау-бақшалы Алмалық шаһарын көрді. Жейхунның жағасындағы жан-
жағын биік бекініспен қоршаған, айдалада жападан-жалғыз тұрған сұлтан
Ордасында өскен жас балаға, бұл шаһар бір керемет салтанатты боп елестеді.
Қаланың жасыл бағында сыңсыған алма, өрік, жүзім, алмұрт... Көшесіне шықса,
диқан аспаптарын, жауынгер қару-жарағын, қыз-келіншектер алқа-жүзік,
білезіктерін соғып жатқан шеберлердің көк құрыш төсті құлаштай кеп ұрған
балғаларының шаңқылынан құлақ тұнады. Алғашқы рет ол осы қалада намаз
оқуға көк күмбезді мешітке кірді. Осы қалада ол алғашқы рет кәпірлер шоқынатын
насрани дініндегі келімсектер салған шіркеуді көрді. Сол бір ғажайып балалық
шағындағы көріністер әлі күнге дейін көз алдынан кетпейтін. Әкесі Уайс хан өте
діншіл еді. Бір күні ол таңғы намазын оқып болды да әлі шырт ұйқыда жатқан ер
жете бастаған балалары — Жұныс пен Исан-Бұғыны оятты. Өзімен бірге ертіп
жүрді. Соңдарында нөкерлері. Көп кешікпей бұлар көне Алмалыққа келді. Тісі
түсіп опырайған кәрі адамның аузы тәрізді, келісімсіз кілең құлап жатқан шым