Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет168/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   316
Әдеби KZ
 
 
дәл қазір өзін осы кәпір қызы үшін дозақ отына күюге дайын тәрізді сезінді. Исан-
Бұғы тек бар болғаны пісмилла, пісмилла деп қызға таяй берді... 
Қыз шынында да былтырғы дарға асылған шалдың қызы болып шықты. Әкесі 
өлген кезде Мұхаммед пайғамбардың дінін тастап, Иса пайғамбардың дініне 
көшкен бір ұйғыр диқаны бұны үйіне жасырып тірі алып қалыпты. Қазір сол ұйғыр 
үйінде тұрады екен. Флоренцияға баратын керуенді күтіп жүрген көрінеді. 
Әкесінің зиратына гүл қоюға келгенінде Исан-Бұғыға кездесіп қалыпты. 
Екі жас бірін-бірі, шу деп кездескенінен ұнатты. Балалық мөлдір сезім бірте-
бірте лаулаған жалындай, жүректерін балқытқан алғашқы махаббатқа айналды. 
Бірін-бірі көре алмаса тұра алмайтындай күйге жетті. Бірақ кішкентайынан күндес 
өскен туған ағасы Жұныс, інісінің ойынды тастап, тез өзгерген мінезінен сезіктеніп, 
аңдып жүріп бұлардың құпиясын ашты. Ашып та қоймады, әкесіне барып: «Балаң 
кәпірдің қызын алайын деп жүр» деп шағыстырды. Өзі өлсе тағына Қыпшақ 
әйелінен туған үлкен баласы Жұныстан гөрі, шешесі Моғол хандарының қызы, 
Исан-Бұғының отыратынын тілейтін Уайс хан шошып кетті. «Егер Исан-Бұғы 
кәпірден қатын алар болса, түбі насрани дініне бір бүйірінің тартпасын кім біледі? 
Мұсылман дініндегі адамдарға да қиянат етуі мүмкін ғой. Жағатай 
1
тағының 
құруы да осындайдан басталуы ықтимал. Әйел жүрген жерде — қашан да болса 
қауіп жүреді. Шыңғыс бабамыздың төртінші ұлы Төленің үш баласы бірдей — 
Қытайды басқарған Құбылай, Иран мен Египетті алған Құлағу, ақырында 
Қарақұрымдағы үлкен Орданың ханы Мөңке — Арғын руынан әйел алғанынан не 
шықты? Көп істерді жасырын осы әйелдері басқарды. Құбылай Арғын қызы 
Жауһар ханымның айтқанын екі етпеді, тіпті Қытай мемлекетінің көп істеріне де 
Арғындар 
қатынасты. 
Құлағу 
Арғын 
әйелінің 
айт- 
қанын орындап, қарамағындағы бүкіл Қара теңіз маңындағы елге бас басқақ етіп 
Арғұн батырды отырғызды. Ал сол Арғұн басқақ бір кездегі Жағатай ұлысына 
Жетісу арқылы жүргізілген Батыс пен Шығыстың ұлы жолын өзінше бұрмақ болды. 
1
Жағатайды қазақтар Шағатай деп те атайды. 


181 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет