Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет206/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   316
Әдеби KZ
 
 
орындалса, бүкіл Дәшті Қыпшақ халқының алдында абыройы көтеріле түсетінін 
Жәнібек хан өте жақсы түсінді. 
Үшінші жағынан бұл қалалар әскери бекініс ретінде де аса керекті еді. 
Моғолстан хандары Шу, Сарысу, Талас бойларын Мауреннахр әмірлерінен 
сақтайтын қалқан көрсе, Мауреннахр әмірлері Түркістан уәлиетін Мауреннахрды 
Дәшті Қыпшақтан қорғайтын бекініс санады. Ал Әбілқайыр осы Түркістан 
шаһарларына сүйене отырып, бүкіл Дәшті Қыпшақты уысымда ұстасам деді. 
Әбілқайыр арманы да, Дәшті Қыпшақ елдерінің көкейкесті тілегі де осы Сыр 
бойына келіп түйісті. Ал Жәнібек хан ұшы-қиыр шеті жоқ Дәшті Қыпшақ жерін 
ұстап тұру үшін мықты бекініс осы Сырдария шаһарлары екенін өзгеден 
анағұрлым терең ұқты. 
Сондықтан да оның қырағы көзі күндіз-түні Түркістан жағына тігулі. Ал Жәнібек 
ханның жатса да, тұрса да ойлайтыны, әсіресе, Дәшті Қыпшақ жеріне ең жақын 
тұрған, кешегі бабаларының, Ақ Орданың кіндігі — Сығанақ пен оған таяу Дәшті 
Қыпшақтың көне шаһарлары Сауран, Созақ, Яссы, Сайрам... 
Бұл қалалар өздерінің ұзақ өмірлерінде не көрмеді? Түркістан өлкесін қандай 
хан билемесін, тек одан өз пайдасын көздеді. Жан-жағы егіндікке бай, Түркістан 
шаһарларының михнатын диқаны тартса, қызығына бірінен соң бірі басқарған 
хакімдері батты. Еңбекші бұқараларға салынған алым-салық, қаржы-қаражат тек 
қаланы билеген бекзадалардың ғана дәулетін молайтты. Бай-манаптың үстемдігін 
асырды, қайда барса да тек кедейлер ғана сорлады. Қала-мединелерді басқарып 
отырған хакім, даруғалар мемлекетке деген көзқарастарын өздерінің жеке 
мүддесіне қарай белгіледі. Сол себептен де бұл шаһарларды билеген мықтылар 
ойына келгенін істеді, қарамағындағы елді өзінің меншікті мүлкі санады. 
Мединелерді билеген бекзадалардың асқандығы соншалық, қалаға таласып 
жатқан екі жақтың қайсысының қарамағына көшкісі келсе, соған өз еркімен көше 
берді. Егер қала мықтылары өз бастарына пайдалы көрсе, кешегі жауына бүгін 
өзі апарып қала қақпасының кілтін ұстатты. Осындай жағдайларды ойлаған 


222 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет