Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет207/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Түркістанды жаулап алған хандар, әрқашан да бұл шаһарларға хакім етіп 
өздерінің сенімді жақындарын ғана қоюға тырысты. Бұл әдетті Әбілқайыр хан да 
қатты қолданды. Түркістан уәлиетін өзіне қаратқаннан кейін, осы уәлиетті жаулап 
алуда көп қаһар көрсеткені үшін, Сығанақтың хакімі етіп Манедан-оғланды
Үзкентке — Маңғыт руының биі Оқасты белгілеп, Созақ бекінісін немере ағасы 
Хызырханның баласы Бахтияр сұлтанға тартты. Яссы, Сауран, Сайрамдарды да 
осылар тәрізді Әбілқайырға өте сенімді не болмаса хан тұқымынан шыққан 
сұлтандар билеуде еді. 
Ал бұл хакімдердің Жәнібек жағына шығуы үшін жалғыз-ақ жол бар. Ол жол: 
Жәнібек Әбілқайырдан күшті болуы керек. Күшті болудың жолы биіктігі қырық 
құлаш, қаланы қоршаған қорғандарды алу ғана емес. Тастай түйінген бұл 
шаһарларға шабуыл жасап, орынсыз қырылудан гөрі, алдыменен Дәшті 
Қыпшақтағы рулардың басын біріктіріп, мықты әскер құра білу шарт. Егер халықты 
өзіне бағындыра алса, мықты қол жинау да қиынға түспейді. Ал, азғантай ғана 
шұрайлы жайылым үшін бірінің малын бірі барымталап, жігіттерін сойылға жығуға 
дейін баратын қазақ руларын өзіңе бағындыру оңайға түскен бе! әрқайсысы өзін-
өзі дөй санайтын, өзім дегенде өгіз қара күші бар әр рудың би, батырларын бір 
ханға бағындыру оңай болып па? Тағы бір қиындығы Әбілқайырмен айырылысар 
кезде намысқа шауып, бір жұдырықтай жұмыла қалған қазақтың басты рулары 
тынысы кеңіген сайын, жұмылған жұдырығы жазылып, біріктік деп тартқан айылы 
босай түскен. Өзінің ежелгі дәстүріне салып, малының әуеніне қарай бытырай 
көше бастаған. Жәнібектің де ең қорыққаны халықтың жібі босап кететін осы кез 
еді. Әбілқайыр ханның да күткені осы. Бытыраған руларды біртіндеп жаулап алып, 
Түркістан қалаларын да босағасын берік ұстап, бүкіл Дәшті Қыпшақты қайтадан 
өзіне бағындырады. Ал Жәнібек Арғын, Қыпшақ қос шоқпарын қолына мықтап 
ұстап, жаңа ұйып келе жатқан ел бірлігіне іріткі салдырмайды. Көнгісі келген 
руларды ақылмен көндіреді, ал көнгісі келмегендерін қан-жоса етіп күшпен 
дегеніне бақыл еткізеді. Осылай шешкен Жәнібек аулы Қара Кеңгір жағасына 


223 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет