Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет23/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Жәнібектің басын қалай алудың жолын таба алмай, аңыс-аужайым азаптануда... 
Ашық кетуге болмайды, қазір олар жағындағы ел аз емес. Әттең, әттең, сол бір сәт 
қайта оралар ма еді! Апырай, сол жолы қолымдағы сойылымды бір сілтеуге 
жүрегім қалай дауаламады екен. Дауалатуым керек-ақ еді». 
Әбілқайыр ойына өлім жазасына бұйырмақ жігіті қайтадан түсті. «Иә, бұл жолы 
тағы мен үкім айтуым керек. Айтпасқа амалым жоқ. Орда маңына топталған 
Арғын, Қыпшақ арасындағы дау-жанжал бүгінгі күні осы жігіт арқылы шешілмек. 
Егер бұл жігітті өлім жазасына бұйырсам, Қыпшақ қуанады. Босатсам Арғын мәз 
болады... Қандай шешім алу керек? Орда бүтіндігі осы бір жігіттің тағдырымен 
байланысты. Қастасқан Жәнібек, Керей, Абақтардың да күтіп отырғандары менің 
шешімім, қандай үкім айту абзал?» Әбілқайыр терлеп кетті. Бір қара қазақтың 
тағдырының өзіне осыншама салмақ салғанына таң қалды. Ал өткен заман 
болса... «Иә, иә, Шыңғысхан бабамыз кезінде, бір адамның өмірі түгіл мың 
адамның тіршілігі де ұлы ханның бір қабақ қаққанынан шешіліп жатпас па еді? Иә, 
сөйтер еді-ау! Жоқ, Шыңғыс бабамды қойып, бертініректегі Мөңке ханның 
тұсында да, бір кісінің тағдыры ешкімнің ойына ойран салмас еді!». 
Оның есіне Мөңке ханды жерлеу жайындағы аңыз түсті. 
Өзге жұртқа қарағанда монғол халқының өздерінің бекзадаларын жерлеуде 
екі айрықша дәстүрі болған. 
Бірі — қабірге өлген сұлтанымен бірге бекзаданың құлын салу дәстүрі. Терең 
зираттың бір бүйірінен қуыс қазады. Оған өлікті түсіреді. Өліктің астына 
бекзаданың тірі кезінде ең жақсы көрген құлын жатқызады. Құл бірнеше сағат 
өліктің астында жатып тұншыға бастағанында оны бейіттен алып шығады. Есін 
жиғаннан кейін, құлды өліктің астына қайта жатқызады. Осылай үш рет істейді. 
Егер құл тірі қалса, оның сұрағанын беріп, құлдықтан біржолата босатады. 
Монғолдардың түсінігі бойынша құл бекзадаға шын берілген адам болып шығады. 
Қожасы өліп, құлы тірі қалғанда ол өмір-бақи қожасының бар күнәсін арқалап 
өтеді-міс. Сондықтан оны тірі қалдырады. Астоданға салынған өліктің денесін 


25 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет