Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет21/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   316
Әдеби KZ
 
 
елеуреген Жәнібек бір мезет аужайын байқай алмай қалды. Қастарынан жанай 
қашқан ақ бөкенді көре сала, атын борбайлап тұра қуды. Күнімен аң соңынан 
шапқан серіктерінің аттары әбден болдырған-тын. Тек түске дейін ұдайы шапса 
тері ғана шығатын Жәнібектің көкбуырылы ғана әлі тың еді. Атбегі әбден жаратқан 
екен, қабақ қаққанша жолдастарынан ұзап кетті. Ол ақ бөкенді қуып келе жатып, 
төтеден қосылған хан тобы мен әлгі үш қоңырды көрді. Хан атын жаңа ғана 
ауыстырған. Ал Сарыбай тек Жәнібекті аңдумен ғана жүріп астындағы жүйрігін тың 
ұстаған. Әрі-беріден соң Жәнібек, хан, Сарыбай үшеуі өзгелерден қарасын үзіп, 
үздік кеткен. Бие сауымдай жер шапқанда ғана бұл үшеуі қалжырауға айнал- 
ған бөкенге бірдей таянған. Әбден дымы құрып етпетінен құлаған дала еркесінің 
үстіне аңшылар бірдей жеткен. Аң құмар Жәнібек сойылын лақтырып жіберіп, 
бөкенді бірінші боп бауыздайын деп, қынабынан кездігін ала атынан секіріп 
түскен. Дәл осы сәтте: «Жоқ, олжа менікі!» деп Сарыбай да сойылын ыңғайлап 
бөкенді бауыздауға еңкейген Жәнібектің ту сыртынан ұрмақ боп таяй берген. 
Бірақ Жәнібек барыстай атылып, Сарыбайды ат үстінен жұлып алған, Жәнібектің 
тізесінің астына түсіп қалғанын бір-ақ білген Сарыбай ханға: 
— Ау, ұрсаңызшы көк желкеден! — деген, ханның қолындағы сойылға көзі 
түсіп. 
Неге екені белгісіз, ханның бойы дірілдеп кетіп, Жәнібекті сойылмен ұруға 
қолы көтерілмеген. 
Дәл осы кезде шапқан ат дүбірі кенет естіліп, бір бүйірден Керей сұлтан шыға 
келген. Тізесімен Сарыбайды бір-екі нығарлап жіберіп Жәнібек: «Бір жолға 
қастығыңды кештім, екінші мәртебе қолыма түссең өзіңнен көр» деп түрегелген 
де, жатқан аңға қараған. Өкпесі өшіп әбден орнынан тұра алмай қалған бейшара, 
сол мойнын созып етпетінен құлаған қалпында әлі жатыр екен. Жәнібек оны аяп 
кеткен. «Жазықты жауыма тіршілігін қиғанда, жазығың жоқ, ақбөкен, сені несіне 
өлтірем», деп анандай жерде жатқан сойылын алып атына мінген. Осы сәтте 
Керей де жеткен. Болған оқиғаны айтпаса да түсінген Керей сұлтан, інісін қасына 


23 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет