Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет18/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   316
Әдеби KZ
 
 
шағын сауыт киді. Алдаспанын қамсыз қайрап, садақ жебесіне жаңадан 
сұңқардың қауырсынын қадады. 
Ханның аңға аттанатын күні жеткенде адыр басына керней-зурнайшылары 
шығып, бүкіл даланы басына көтере, барылдата тартып, аңшыларға 
«жиналыңдар» деп белгі берді. Оқшау төбелі мидай дала. Ат құлағы мен бұйра 
қымыздығы аралас біткен жасыл шалғын. Әлжуаз сабақтары толығып ылдидағы 
қызғалдақ, сарғалдақтар көк майсадан жоғары көтеріліп, өрекпіп жеткен... Тұс-
тұстан төбе басына сұлтан, әмір, бектер ағыла бастады. Кенет хан ордасы
жағынан бір топ адам көрінді. Өзгеден сәл үздіктеу келе жатқан, жал-құйрығын 
түйіп тастаған күрең қасқа жүйрік ат мінген, үстінде аң аулауға деп арнап тіккен 
шолақ сауыт, зерлі күміс дулығасы бар Әбілқайыр ханның өзі. Соңынан ергендері 
үзеңгілес батыр нөкерлері. Кілең жеңіл сауыт, ықшам киім киген. Аттарының бәрі 
жал-құйрығын түйіп тастаған, ауыздығымен алысқан жүйріктер. Үстеріндегі 
сауыттары, асынған қару-жарақтары күнмен шағылысқан осынау топтың ішінен 
үш-төрт әйел көзге түседі. Әсіресе, ортада келе жатқан, бүкіл Дәшті Қыпшақ 
жеріне әйгілі, «Ортеке» деп ат қойылған күлсары сәйгүлік мінген жас әйел 
таңғажайып салтанатымен анадайдан-ақ көздің жауын алады. Астындағы сайгүлік 
жүйрігінің ат-әбзелі, жүген-құйысқаны, өмілдірігі — бәрі сары алтынмен апталған. 
Әйелдің үстінде алтын жіппен зерлеген сарғылт, дүрия қысқа шапан, басында 
сүйір ұшты құндыз бөрік. Шалбарының етегі де алтын оқамен әдіптелген. 
Кеудесіндегі гауһар таспен безелген алқасы көзді шағылыстырып күн сәулесімен 
ойнайды. Алыстан-ақ бұл әйел қалың көкпек арасындағы сарғалдақтай, көзді 
тартады. Өзі де мейлінше сұлу, жаңа туған ай секілді жіңішке қасын сүрмелеп 
тастаған. Ұзын шаштарын жиырма-отыз сала етіп, ұп-ұсақ етіп өрген. Бір өзінің түр-
келбеті бүкіл әлемге сән бергендей осынау салтанатты әйелді көрген адам «бұ 
жалғанда мұндай жан жаратылмас» деп ойларлық. Бұл — Әбілқайыр ханның 
төртінші әйелі, атақты ғалым — Самарқант ханы Ұлықбек мырзаның қызы Рабиу-
Сұлтан-Бегім сұлу еді. Бұлар төбеге жеткен кезде солтүстіктегі ақ ордалардан тағы 


20 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет