Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет20/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Аңшылар азығы деп түйеге саба-саба қымыз артқан, жеңіл шатырлар тиеген, 
алдарына он бестей қой айдаған бір топ жігіт ауылдан шыққан кезде, хан жасағы 
да солтүстікке қарай бет алды. Бұлар арада бір қонып, келесі күні Ұлытаудың 
солтүстігіндегі, Кішітаумен жалғасып жатқан, Арғынаты құз-асуларына келіп, 
қостарын тікті. 
Бұл ескі қиссада: 
Ұрпақтан ұрпақ қуып бізге жеткен, 
Ежелден Арғын атам қоныс еткен. 
Көк шалғын, күміс бұлақ Арғынатым... 
Шықпайтын арманымсың көкіректен, — 
деп жыр еткен қазақтың көне мәдениет ошағы — Арғынаты тауларының кең өңірі 
еді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай үзіле созылған жықпыл тасты құздар, түкті 
қабақты қайғылы жартастар. Үстін қарақат, мойыл, көк шалғын басқан ұры сайлар, 
тағы қойнаулар. Жағасын айбалдырған мен ақшуағы аралас белден келер көгал 
шөп көмген, жұлындай боп жер астынан шығып жатқан, сылдыр қаққан жіңішке 
бұлақтар. Қуаңшылық жылдардан басқа кезде, қаптаған малын суаратын Барақ 
көлден бөтен мол сулы айдыны болмағандықтан бұл араға жаз ел сирек қонатын. 
Сондықтан да Арғынаты төңірегінде қырғауыл, дала қазы секілді суы аз жерде 
үйреншікті құстар мен арқар, бөкен, киік көп кездесетін. Хан тобы үш күн бірдей 
аң аулады. Дабыл қағылып, қаршығалар жерден жаңа көтерілген кездерінде 
кекілік пен ұларды топырлатып ілді. Мерген жігіттер киіктерді садақпен қиядан 
қағып қырып салды. Бірақ Сарыбай бастаған үш жігіт қанша аңдыса да, көз 
қиығын бұлардан аудармаған Жәнібекті қолдарына оңаша түсіре алмады. Ажал 
алайын деп қанша құлшынғанмен, жауыздықтың реті келмеді. Әбден ызаланған
жігіттер не істерін білмей, хан ертең елге қайтады деп тұрғандарында, Жәнібекті 
мерт етер бір жағдай кездейсоқ тап болды. Аң аулау қызығына кіріп кетіп, әбден 


22 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет