Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет16/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Хан аңға шығарда Орда маңындағы сұлтан, әмір, батыр, билерге хабар беру 
ежелгі салт. Жәнібек бұдан күдіктенген жоқ. Оның күдіктенгені ханның аңға 
мезгілсіз уақытта шығуы мен басқа бір себеп еді. Сұлтан астыртын тіл алып көрсе, 
соңғы кезде Әбілқайырға қырғи қабақтана бастаған бекзадалардан ешкім 
хабарландырылмапты. Бұл жолғы шақырылғандар кілең Әбілқайырдың өзіне дос 
адамдары және Жәнібек пен Керей ғана екен. 
Хандардың аңға шығуы ежелден бір үлкен мереке. Жұрттың жақсы ат, қыран 
құс, салтанатты қару-жарақ, ер-тұрмандарын көрсететіні осы жер. Ердің ерлігі, 
ептілігі, мергендігі де байқалатын осы жер... Жайшылықта мардамсып жүретін өр 
көңіл батырсымақтардың күтпеген жерден, қамыс арасынан өзіне қарсы атыл- 
ған ірбіз, барыс, арыстандардан үрейі ұшып кетіп, қолындағы алдаспанын 
көтеруге де жарамай, жайрап қалатыны да осы ара. Той-думан, жарыста 
жамбыны бір атқаннан жарқ еткізіп жерге түсіретін мергендердің, аяқ астынан зу 
етіп тұра қашқан қыр қоянынан сасып қалып, қолындағы садақ жебесін құла жон- 
ға жіберіп күлкі болатыны да осы ара... Бұрынды-соңды жұрт көзіне түспеген жас 
жігіттің, қанжардай қос азу тісін жалақтатып, қылшық жалын тікірейтіп, тайшадай 
қара доңыз қарсы ұмтылғанда, үзеңгісіне шірене тұрып сауыт бұзар жебесін қақ 
маңдайдан қарыс сүйем кіргізіп, омақата құлатып, атаққа ілінетіні де, тағы сол 
саят базарында. 
Жәнібек Керей сұлтанмен іштей жер танысып, ақылдасып алғаннан кейін, 
ханмен бірге аңға шықпақ болды. «Тағдырдың жазғанын көріп алармын, — деді 
ол, — егер ажалың келсе, алтын сандық ішінде тығылып жатсаң да табады. Ал 
ажалың жоқ болса, жаңбырдай жауған оқтан да адам тірі қалады». Керей де бұны 
мақұлдады, тек «сақ болайық және қасымызға сенімді жігіттерді көбірек ертелік, 
— деді ол, — егер біз аңға шықпай қалсақ, Әбілқайыр хан ойын сезгенімізді 
бірден ұғады. Ондай жағдайда тастай түйініп алған хан, шешінген судан тайынбас 
дегендей, ойлаған мақсатына жету үшін басқа шара қолданады. Ажал қашан да 
болса ерте, егер дәміміз сол күні бітер болса, оған да тәуекел!» 


18 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет