Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет15/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   316
Әдеби KZ
 
 
«Қан төкпей» өлтіру — ақ кигізге орап, екі жағынан бұрап тұншықтырып, не 
аяғы мен басын артына қайырып, бел омыртқасын сындырып өлтіру. Көне монғол 
ғұрпында бұл жеңіл өлім. 
Ертеңіне Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімді бабасы Жошы ажал тапқан көне монғол 
әдісімен емес, басқа тәсілмен: жүрегіне қанжар салып өлтіріп кетеді. Бұлай өлтіру 
кімнің ісі екенін білсе де жұрт үндемейді. Хан жарлығы екенін сезіп, жұмған 
ауыздарын ашпайды. 
Қызын құрметтеп қойып, жетісін бергеннен кейін, хан тағы Құрыбайды 
шақыртып алып: 
— Ертең аңға шығамыз. Жаныңа екі-үш сенімді адамыңды ерт. Жәнібек сұлтан 
да Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегім ажалымен өлуге тиісті, — деп бұйы-рады. 
Бұл жолы Құрыбай жан алғыш жалт береді. Жәнібекті өлтірсе жауапсыз 
кетпейтінінен қорқады. 
— Менің қай уақытта аңға шығатынымды білетін сұлтандар сезіктеніп 
қалулары мүмкін, — деген ол, — бұ жолы аңға шықпауға, хан ием рұқсат етіңіз... 
Менің орныма туған інім Сарыбай барсын... 
Өз басын пәледен аман алып қалғысы кеп, туған інісін қауіпке қиып тұрған 
қасқыр мінездес Құрыбайдың қылығына Әбілқайыр хан езу тартып күлген. Иә, хан 
маңайына өзіне керек адамдарды тарта білген. Бабасы Шыңғысханның Жағатайға 
айтқан ақылын құрандай бекер жаттап алмаған екен. Хан тағының амандығы, 
міне, осындай құлқы өзі тектес жандармен сақталады. Бұлар барда, Әбілқайыр да 
бар. 
— Болсын, — деген ол, — тек не істейтінін Сарыбайға дұрыстап түсіндір. 
Ал Жәнібек ханның мезгілсіз кезде, қызының мынандай жан түршігерлік 
айуандық әдіспен қаза тапқан шағында, аңға шығуының болашақ бір қанды
оқиғамен байланысты екенін айтпай-ақ түсінген. Оның үстіне Әбілқайыр Жәнібек 
пен Керей сұлтанға «Менімен бірге аңға шықпай ма екен?» — деп арнаулы кісі 
салған. 


17 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет