Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет299/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   316
Әдеби KZ
 
 
хакім тархандарымен тіл тауып бірігіп, Мұхамед-Шайбаниға қарсы тұруына 
мүмкіндік береміз. 
— Бұл ойланатын жай екен... 
Қасымның болжауы дұрыс еді. 
Бұрындық Отырардан шегінерде Мұхамед-Шайбанимен бітімге келген. Сол 
бітімнің бір шарты Бұрындық хан Отырарды алуға бірге келген Мұхамед-Мазитты 
ұстап бермек болған. Қасым бұл шартқа көнбеген. Сол күні күндіз, хан араларында 
болған оқиғаны құпия жолмен Мұхамед-Мазитке жеткізген. Мұхамед-Мазит 
ымырт үйіріле бар әскерін ертіп Яссыға қашқан. 
Бұрындық пен Қасым Отырардан кеткеннен кейін Мұхамед-Шайбани көп 
сыйлық беріп, Жақия бек басқарып келген Сұлтан-Махмұд ханның үш мың
әскерін Ташкентке қайтарып жіберді. Өзі Яссыға шабуылға шықпақ болады. Осы 
кезде оған Созақтан қашып шығып, Хантағы тауында тығылып жатқан Махмуд-
Сұлтаннан хабар жеткен. Мұхамед-Шайбани қолындағы бар әскерімен 
Хантағыдағы Махмуд-Сұлтанға барып, екеуі құшақтаса табысқан. Содан кейін 
екеуі қосылып Сауранды шапқан. Қаланы алған соң Қасым сұлтанға Махмуд-
Сұлтанды ұстап берген адамдарды қатты жазалаған. Біразын дарға асып өлтірген. 
Қалғандарын дүние-мүліктерін тартып алып, өздерін дүрелеп, қатын-балаларын 
құлдыққа сатқан. 
Осыдан кейін барып ағайынды екеуі Яссыны шапты. Қаланы алып, Мұхамед-
Мазит-тарханды қолға түсірді. Мұхамед-Шайбани оның қызы Ғибадат-Бегімге 
үйленіп отырғандықтан, қайын атасын өлім жазасына үкім етуден бас тартып, қол-
аяғын кісендеп Отырарға алып келген. Мұхамед-Шайбанидың жеңісін естіген 
Ташкенттің әміршісі Сұлтан-Махмұт хан, Мұхамед-Шайбаниды құттықтамақ боп 
Отырарға жеткен. Өзінің көптен бері Мұхамед-Мазит-тарханның інісі Сұлтан-Ахмет 
ханның қызы Айпатша-Бегімге құштар екенін, Сұлтан-Ахмет ханның көнбей 
жүргенін Мұхамед-Шайбаниға айтып, сол қызды маған бермей, Мұхамед-Мазит 
тарханды тұтқыннан босатпа деп өтінді. Бұған Мұхамед-Шайбани көнді. 


321 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет