Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет295/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Ақ иық қыран қартайса, қызыл шақа жас жағалтайдан таяқ жейді деген осы 
екен! әттең жиырма бес жасым қайта оралса, ат көтіне бір салар едім! — деді. — 
әкең Жәнібек бізді бағындыра алмай кетіп еді, соның кегін сен алдың, Қасым 
сұлтан! Өлген жерім осы болды. — Ол кенет атының басын бұрып алып, өз тобын 
соңынан шұбырта, жұрттан сытылып шыға берді, — қош бол, Бұрындық хан. 
Сақтанатын жауың Мұхамед-Шайбани емес, Қасым сұлтан екен. Соны ұмытпа! 
Өмір қызығынан әлі үміті бар ауру Темір би осы сапарында, Ақтөбе жерінен 
өтіп бара жатып, жүрегі қабынып кенет қайтыс болатынын білген жоқ. Арманына 
жете алмаған әйгілі бидің бұл ақырғы өкініші еді. 
Ал Қасым тобы да атының басын кейін бұрды. Жұрт арасынан өте беріп сұлтан 
әлдекімдердің: 
— Көп жаса, Қасым батыр! — деген алғыс сөздерін естіді. 
Бұл түні Бұрындық ханның да, Қасым сұлтанның да көздері ілінбей шықты. 
Бар қасиеті батырлық болған Бұрындық, қанша шабан ойласа да бүгінгі 
оқиғаның қайда апарып соққанын жаңа ұқты. Сонау қазақтың әйгілі 
батырларының Қасыммен үзеңгілесе қатар тұра қалуынан, Гүлбаһрам мен Аянды 
құтқар- 
ған сұлтанға жиналған жұрттың «көп жаса, Қасым батыр» деген үнінен қазақ 
руларының Жәнібек баласына ауа бастағанын аңғарды. Мұндайда өз қатесін өзі 
көріп, «Елімді қайтсем қайтадан өзіме тартам» деп қынжылатын, ақылға салатын 
Бұрындық жоқ. Басына келе жатқан қиындықтан жол іздеудің орнына, ол өзінің 
қайсар мінезіне салып, ерегісе түсті. «Бәлем, Қаптағай, оңбаған Қарақожа, шірік 
Оңай, тұра тұр!» деп кіжіне тісін қайрады. Бүгінгі оқиғаға өзін емес Қасымды 
күнәкар көрді. Қайтсем одан өшімді алам деп түнімен басы қатты. Көзі ілігіп бара 
жатса Темір бидің: «Сенің жауың Мұхамед-Шайбани емес, Қасым сұлтан екен! 
Соны ұмытпа!» деген даусы әлсін-әлсін құлағына келіп, көзге тығылған ұйқысын 
шайдай аша берді. Ежелден келе жатқан ескі салт бар: «Жаңа жауыңды құртам 
десең, етің үйренген ескі жауыңмен достас» деген. Бұрындық халқының, елінің 


317 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет