Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет292/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   316
 
 
өлтіруге үкім шығарды. Жаңа мен кеткенде дарға дайындап жатқан... Сіздерге 
соны хабарлайын деп шаптым... Хан-көкем тірі жанның тілін алар емес. 
Қасым ар жағын тыңдаған жоқ. Астындағы Ақсаңдағын тебініп қап, Созаққа 
қарай шаба жөнелді. Қабағы қарс жабылып кеткен. Шабуға келе жатқан қара бура 
тәрізді. Тек екі көзі қанталай Созаққа қарай ұмтыла түседі. Қалың қол соңынан 
созыла шұбырып шауып келеді. Ат тұяғы көк шөпті шытырлата үзіп, етрақ даланың 
шаңын аспанға бір-ақ шығарды. Қасым сұлтан Созақтың қақпасына таянғанда ғана 
атының басын тежеп қатты аяңға салды. Қақпадан өтісімен сәл тоқтап, қасына 
Найман руынан Қаптағай батырды, Керейден Қарақожаны, Алшын руынан 
шыққан Оңай батырды, Жалайыр Бөрібай батырды, Қаңлы-Ыстыдан қосылған 
атақты мерген Сыпырасадақты бөліп алды да, соңынан тағы екі жүз сыпай ертіп, 
Хан Ордасына қарай бұрылды. Өзге қолына қала шетіндегі әскерге арнап 
салынған рабаттарға барып орналаса беруді бұйырды. Бұлар хан сарайының 
жанына келгенде бүкіл алаң иін тірескен халық екен. Топ сыпаймен келе жатқан 
Қасымды көріп, жұрт:
— Жолдан былай тұр! — десіп, қақ жарылып арасын аша берді. 
Қасым аттан түспей, серіктерімен хан сарайының дәл есігінің алдына келіп 
тоқтады. Енді ғана ол жан-жағына көз тастады. Есік алдында жартастай боп бір топ 
нөкерлерінің қоршауында Бұрындық тұр. Анандай жерде жолға шыққалы 
ыңғайланған салт аттылар. Ең алдында кәрі тарлан атқа мінген, сәл бүкірейген, 
кереге көз темір далбағай киген әлі сұсты Темір би. Көштің ең соңында бір жас 
жігіттің атының артына теріс қарап отырғызылған Гүлбаһрам-Патшайым сұлу... Екі 
қолын алдына байлаған. Даусын жұрт естімесін деп аузын ақ жібек орамалмен 
тұмшалаған. Аттан секіріп түсем деп әрекет істемес үшін, көмірдей қара, жұп-жуан 
ұзын қос бұрымын ат үстіндегі жігіттің тақымының астынан өткізіп, аттың 
омыраулығынан мықтап ілмешектеп қойған. Бұл — жауласқан елінің қыз-
келіншегіне істейтін қалмақтан қалған үлгі... Аяушылықты білмейтін заманның 
айуандық дәстүрі! Бұрындықтың бұнысы Әбілқайыр қызы Гүлбаһрам-


314 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет