Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет290/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Қасым бала жасынан, ерлігі аңызға айналған батыр Саянды өте жақсы көретін-
ді. Бұл сұмдық хабарды естігенде, ол теңселіп ат үстінде әзер отырды. Жерге түсіп, 
бүкіл әскер боп батыр Саянға арнап құран оқығанда да, ол біреу шекесінен 
сойылмен ұрып кеткендей есеңгірей әзер шыдады. «Ақкөз ер, бір сұмдықтың 
боларын сезгендей-ақ барғысы келмеп еді. Бекер жіберген екем!» деп өкініп
жүрегі күйіп, не істерін білмеді. 
— Есіл ер... — деді кенет ол қабағын қарс түйіп, — құныңды он есе етіп 
қайтарармын, — ол енді ернін сәл қимылдатып күбірлей сөйледі, — қымбатты 
ана... саған берген сертімді орындаймын деп, халқым хан көтерген туған әкемнен 
айырылдым, анам бір болмаса да, әкем бір, қадірлі ағам Махмұт-Сұлтанды жұрт 
көзіне түсе алмастай кемтар еткіздім. Енді міне, ең жақын серігімді қан етіп 
тұрмын. Кеш, қымбатты анам саған берген сертімді қайтып алдым... Кезім келсе 
әкемнің де, серігімнің де құнын қайтарармын қанішер қос бөріден! 
Қасымның бұлай сөйлейтін реті де бар еді. Ол өзін әкесінің өліміне айыпты 
санайтын. Сонау қан судай аққан айқаста Мұхамед-Шайбанимен кездеспеймін 
деп, таңдаулы жиырма мың әскерін майданның сол қанатына алып кеткен. Егер 
анасына серт бермегенде, бұл әскер Жәнібектің қасында болатын еді. Жуып 
көрсінші сонда оның жанына қара атты жауынгер! әттең, әттең! От жүрек, алғыр 
ойлы, көреген әке, ел басын толық қоса алмай кетті. Енді міне, топас ойлы 
Бұрындықтың қол шоқпары болып жүргені. Оның үстіне, міне, тағы бір аяулы 
ердің ажалы мойнында. Қызу сезім үстінде анаға берген бір ауыз сөздің 
салдарынан екі қымбатты адам бірдей қаза тапты! Бүйте берсем, әлі де ажал 
табар кісі аз болмас. «Жоқ, жоқ, өйтуге болмайды. Кешір, анам, антымды қайтып 
алдым. Өлгенге берген сөз үшін, тірінің өмірін құрбан ету күнә». 
Қасымның анасына берген сертін қайтып алуына тағы да бір сылтауы бар еді. 
Қолына түскен Махмуд-Сұлтанға оны өлімге бермейтінін, әлі-ақ босатып еліне 
қайтаратынын сездірген. Және тым қапа болмай, сабырлылық көрсетуін өтінген. 
Соған қарамай Махмуд-Сұлтан шыдамсыздық етті. Қасымның адал ойын 


312 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет