Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет293/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Патшайымның інілері Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан үшін кек қайтарған 
болмысы. Қасым енді көзін оңға қарай бұрып еді, жүз мың санды жауынан 
қорқып көрмеген жүрегі дір ете қалды. 
Хан сарайының дәл алдына әкеп орнатылған дарының астында мойынына қыл 
арқанның ілмешек ұшы салынған, батыр Саянның аузынан түскендей айнымаған, 
ер жетіп қалған баласы Аян тұр. Қыл арқанның бір жақ ұшын ұстап, екі білегін 
сыбанған, еңгезердей хан әмірін орындаушы — жан алғыш. Қанды көз Темір биге 
күңдікке берілген Гүлбаһрам-Патшайымның көзінше Аянды дарға асуды 
Бұрындық әдейі бұйырған. Бұл орынсыз қиянатты істерінде, түбі Аян өсіп ат үстіне 
мінер болса, Бұрындықтың анасына істеген қиянатын кешпейтінін есіне алған. 
«Маған қосар болсаңыз, жалғыз баласын көзінше қан етіп не қыласыз, істемеңіз 
бұл қылмысты» деп өтінген Темір биге Бұрындық: «Көзбен көрген қайғы тез 
ұмытылады. Бала керек болса Алшынның ақ иығынан тағы табар» деп жауап 
берген. Ат жалын тартып мінгелі өмір бойы ажал мен қиянаттың ортасында өскен 
Темір би, бұдан әрі өтініп қиналмаған. Ескі кектің салдарынан өш көңілдің арманы 
болған Гүлбаһрам-Патшайымға қолын жеткізген Бұрындыққа енді қарсы 
келмеген. 
Қасымның Аянға көзі түскенін әдейі күтіп тұрғандай, жан алғыш арқанның бір 
ұшын өзіне қарай тарта берді. Дәл осы сәтте Қасым ақырып: 
— Босат! — деді. 
Ерлігі елге аңыз бола бастаған айбарлы әскер басының бұйрығын естіп, 
сұмырай жан алғыш кенет сасып қалды. Арқанның ұшын босатса да қоя бермеді. 
— Хан әмірі! — деді ол есін жиып, даусы жауар күндей күркіреп. 
— Босат! — деді Қасым бұрынғысынан да даусы ызғарлы шығып. 
Мойынындағы садағын қолына ала бастады. Жан алғыш енді арқанды жерге 
лақтырып жіберді. Бұрындық та жартастай боп кілт бұрылды да, жанындағы
дәйекшісінің алдаспанын алды. Нөкерінің бірі анандай жерде ұстап тұрған жал-
құйрығы жерге төгілген теңбіл көгін алдына тарта берді. Хан аяғын аттай түсті де, 


315 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет