Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет287/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   316
Әдеби KZ
 
 
—Қасым өз сарайына келгеннен кейін батыр Саянды шақырып алды. Жәнібек 
өлгеннен бері батыр Саян сұлтанның ең сенер досы, жақын адамы болып ал- 
ған. Қауіпті, құпиялы іске Қасым тек батыр Саянды ғана жұмсайтын. Қандай қиын 
тапсырма болса да, анау оны бұлжытпай орындап келген. 
— Жиен аға, — деді сұлтан өзінің дәрежесіне қарамай, ананың төрт-бес жас 
үлкендігін есіне ұстап, — тағы бір қауіпті істі тапсырғалы тұрмын. 
— Туғалы қауіпсіз бір күнім өтіп көрген жоқ, тапсыра бер. 
— Тапсырсам... — Қасым сәл күмілжи сөйледі, — бұл ара Махмуд-Сұлтан- 
ға қатерлі... Оны Созаққа апарып, біз Отырардан қайтып келгенше тұтқын етіп 
ұстау керек... 
Енді батыр Саян күмілжи сөйледі. 
— Қиын іс екен... Махмуд-Сұлтанды Созаққа апару — ажалына апарумен тең 
ғой. Созақ ағаңыз Махмұт-Сұлтанның қолында ғой. О кісі бетін Махмуд-Сұлтанның 
қалай жаралағанын ұмыта қойды ма екен? 
— Жекпе-жекте болған іс кекке айналмауы керек. 
— Ет жарасы біткенмен, ер жарасы оңай біте ме?.. 
Егер Махмуд-Сұлтанды сақтай алмай қалсам қайтем? 
— Сақтау керек. Нағашы апам Аққозыдан туған Мұхамед-Шайбани мен 
Махмуд-Сұлтанға өздері маған бірінші боп ажал ойлағанша, менен жамандық 
болмайды деп анама берген антым бар. 
— Жақсы. Антыңды адал сақтауға қолымнан келгенімді аямаспын. Бірақ шеше 
жағынан сендерге жиен болғанмен, әке жағынан Рабиу-Сұлтан-Бегімнің інісі 
екенімді білмейсің бе? 
— Білемін. Оны неге сұрадың 

— Рабиу-Сұлтан-Бегімнен Сүйіншік сұлтан туған жоқ па? 
— Иә, туған. 
— Сүйіншік сұлтан Мұхамед-Шайбани жағында екенін ұмыттың ба? 
— Ұмытқам жоқ. Иә, сосын? 


308 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет