Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет54/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   316
Әдеби KZ
 
 
бастап сонау Еділ мен Ертістің ортасын Дәшті Қыпшақ жері не Қыпшақ даласы деп 
атап кеткен. Қыпшақтар он бірінші ғасырдың орта шенінде Днепр өзеніне келіп 
жеткен. Өзінің шекарасына келген елді орыс жұрты шаштарының сар- 
ғылттығына қарап «Половцы» деп атаған (Полова — кесілген сабан), ал батыс 
Европа елі — коман деген ат қойған. Бұл жау баққан көшпелі ел көршілес 
жұрттарына қырғидай тиді. Жат соғыс әдістері бұларды өте қауіпті етті. 
Ғасырлар бойы әдеттенген тәсілдері бойынша, жауына жоқ жерден тиіп, 
заматта ғайып болып, үнемі ат үстінен түспей үйренген көшпелі елдің жігіттері 
соғысқа әбден үйренген, ұзақ жорықтарға шыныққан жау жүрек жауынгерлер еді. 
Жасынан садақ атып, арқан тастап баулынған, Қыпшақ сыпайлары ұшып бара 
жатқан құсты жақпен көздемей бір-ақ тартып түсіретін шетінен мерген келетін. 
Бұлардың негізгі қаруы садақ, иықтарына ілгені жебеге толған қорамсақ, қисық 
алдаспан және жау мойнына лақтыратын қыл арқан. Көпшілігі найза ұстайтын. 
Үнемі ұшы-қиыры жоқ жазық далада көшіп жүретіндіктен, дала бүркіттеріндей 
қырағы жаралған. Жауға бұлардан жасырынып қалу тіпті мүмкін емес-ті. Қас 
жағының әскерін көрісімен-ақ бұлар жақтарынан жебені қардай боратып, ат 
қоятын. Қарсы жағы берік болса, қорқып кеткендей жорта кейін шаба жөнелетін. 
Қашқан Қыпшақтарды жауы оп-оңай қуып тастамақ боп тұра ұмтылса, бір 
жасырын қойнауда тығылып тұрған мергендері оларды оқтың астына алатын. 
Күтпеген жерден мұндай жағдайға ұшыраған жау әскері сасып қалып сәл кідірсе, 
жаңа ғана қашып келе жатқан Қыпшақтар кенет аттарының басын кейін бұрып, 
қайтадан атой салатын. Мұндай тәсілге үйренбеген жау әскері быж-тыж болып 
қаша жөнелетін. Оларды Қыпшақтар арттарынан қуып жүріп садақпен атып, не 
болмаса болат алдаспандарын құлаштай сермеп қырып салатын. 
Ал екі жақтың күші бірдей түсіп жаумен бетпе-бет кездесер жағдай туса, 
Қыпшақтар сап-сап боп бірнеше қатарға бөлінетін. Әдет бойынша алдыңғы 
қатардағы атты жауынгерлер саптарын сүйір ұшты етіп құратын. Бұл оларға 
жұмсақ жерге кірген қазықтай, жау шебін оңай бұзуға керек-ті. Әр топтың ара-


58 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет