Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет50/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   316
Әдеби KZ
 
 
балбалалардан сәл төмендеу. Алыстан көгілдір тартып көрінген жасыл шалғында, 
көк теңіз үстінде ұшқан ақ шағаладай, сүттей аппақ кигіз үйлерді үштен-төрттен 
қосарлап тіккен хан ордасы. Көлдің оңтүстік алқабында хан ордасына жақын 
уәзір, Жошы ұрпақтарының ақ шатырлары мен ақбоз үйлері. Әсіресе солардың 
ішінде ортадағы он екі қанат ақ боз үйдің басына ақ жалау орнатқан, қатарлас 
тұрғызылған оюлы төрт кигіз үй — Жәнібек пен Керей сұлтандардың ордасы. 
Бұлар өзінің еңселі мүсіндерімен алыстан-ақ ерекше көзге түседі. 
Көлдің күншығыс жағында Мауреннахрдан әкелінген аспазшыларға, Арғын, 
Қыпшақтан келген той дәйекшілеріне, қаршыға, сұңқар-лашынға арнап тігілген 
жүз қоңыр кигіз үй... Осы ауылдан қозы көшіндей жерде қонақтарға әдейілеп 
байланған үш мың биенің құлындарына тартқан жиырма қатар қыл арқанды желі. 
Күніне үйірленіп сойылған семіздіктен мамырлаған жылқы, құйрығын көтере 
алмай жатып қалған қотандаған қой... Хан ордасының ар жағында бес 
шақырымдай жердегі тулай аққан мөлдір сулы кішкентай Мойылды өзенінің 
жағасында Шах-Будақтың жесірі — Алтын хан батыры Домбалықтың Аққозы 
қызының келіп қонған ауылы. 
Ас басталғалы жеті күн болған. Алғашқы күні осы арадан көшкен ел бір күн, бір 
түнде жетер Арғынаты тауының ең шетіндегі Шойынды көлден жіберілген үш жүз 
сайгүлік жүйріктен Әбілқайырдың Тарланкөгі озып келген. Атқа шапқан ханның 
жеті жасар немересі, Шах-Будақ сұлтанның баласы Мұхамед-Шайбанидің өзі еді. 
Хан немересінің жүлде алғанына арнап жеке той жасамақшы. Келесі күндері 
күрес, сайыс басталған. Күресте Найман Қаптағай батырдың немересі, кереге 
жаурын, жалаң төс Қаражал батыр бар балуандарды жығып, үстіне қырмызы 
фарсы кілемі жабылған араби қызыл аруананы бас етіп, үш тоғыз бас бәйгесін 
алған. 
Сайыста Қара Қыпшақ Қобыланды жан шыдатпаған. Екі бие сауымындай мезгіл 
оған тек Арғын биі Ақжол ғана төтеп берген. Бірақ ошақ тұяқ Көксеңгірдің 
тегеурініне шыдай алмай бір сайыста астындағы құшақ құйрық Ақжамбасы 


52 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет