Әдеби KZ
кездескен. Орыс әскерлері үлкен ерлік пен табандылық көрсетіп, үш мың адамнан
Қыпшақтың жиырма мың әскері жеңіліп, кейін қашқан. Көбі әбден қатып
болмаған өзеннің мұзы ойылып кетіп, ат-матымен суға кетіп, бықпырт тигендей
қырылған. Осы ұрыстан кейін іле-шала орыс жерінде ғажайып ақ түтек боран
тұрып, қалған нөпір топ жолдан адасып, елдеріне жете алмай үсіп өлген. Бұны
артынан қазақтың басқа рулары «Қыпшақ қашқан» ұрыс деп атаған.
Қыпшақ жағы енді басылып қалды. Арғын тобы, «Пәлі, кәрі тарланым, аяғын
қалай-қалай тастайды!» деп Қотанды қошаметтеп көтеріле түсті. Бірақ өр мінезді,
жалын жанды Қазтуған Қотан толғауынан мойымады. Қамшы тиіп, ырши түскен
жүйріктей, енді тіпті долданып кетті. Қарағай домбырасын аспанға лақтырып,
аруағы ұстап, жыр дабылын үсті-үстіне дақпырата ұрды.
— Шерухан ханды жақсы қармадың, абыз жырау, — деп бастады ол жаңа
толғау ырғағын. «Алып бойлы Шерухан» деп орыс елінің өзі қыса еткен Шерухан
ханның ерлігіне, шапқыншылық ісіне бір қыдыру тоқтап өтті. Содан кейін қарға
бойлы Қазтуған орыс қалаларын шапқан Бонақ, Тұғырхан, Қотан, Шерухан,
Кончак, Сүрбөрі, Құнама, Сүңгір, Көбек, Торсық тағы басқа Қыпшақ хандарының
әрқайсысының жауынгерлігін, ел аузында аңыз болып жайылған жорықтарын
дәріптей келіп, «өз елдері түгіл бөтен елдерге өлмес аңыз қалдыр-
ған осындай хан мен батырлар тудырған Қыпшақты кім қор санар?» деп ожарлана
жырын тоқтатты.
— Сөйле жырау, — деді Асан Қайғы Қотанға:
— Бөтен елге бұл хандар аңызымен бірге, жаман аты мен сүйектерін де
қалдырды, — деп бастады бұл жолы толғауын Қотан қария ырық бермей. Жаңағы
аты аталған хандардың көбінің шапқалы барған жерінің князьдерінің қолынан
өлгендігін айта келіп, Қотан жырау «Өз жерінің топырағы тас болып па еді
бұларға! Не жетпеді соншама бөтен елден ажал іздерлік?» деген сұрақ қойды.
Жайшылықта салмақты қарт, бұ жолы біреу шабынан түртіп, мазасын ала
бергендей, қабағын кәрлене түйді. Енді ол өз сұрағына өзі жауап берді. — Жоқ,
62
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Достарыңызбен бөлісу: |