Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет66/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   316
Әдеби KZ
 
 
өзіне қаратты. Жауынгер атты әскерін қосып өзінің шебін көбейтті. Содан кейін 
олар, жер мойны қашық Шығыс Түркістандағы ұйғырларды бағындырды. Осы 
кезде монғолдар қырғыз, бурят, ойрат секілді Оңтүстік және Орталық Сібірді 
жайлаған бірталай елдеріне дүрк тиді. Бір мың екі жүз он бірінші жылы Шыңғыс 
қалың қолмен Қытайға аттанды. Үш жыл соғысып ақырында Пекинді алды. Енді 
Шыңғысхан екі жүз мың әскермен Орта Азияға бет бұрды. Хорезм шахы 
Мұхаммед монғолдарға қарсы тұрарлықтай әскері болғанмен, бетпе-бет келіп 
айқасудан бас тартып, бар күшін жеке қалаларын қорғауға бөлшектеді. Соның 
салдарынан Шыңғыс әскері Хорезм, Самарқант, Мерв, Бұқар — бәрін жеке-жеке 
шапты. Бұл оған Орта Азияның бар әскерімен қан майданда бетпе-бет кездесуден 
жеңіл түсті. Бір мың екі жүз он тоғызыншы жылдан бастап үш жылдың ішінде
Шыңғысхан әскері бүкіл Орта Азияны өзіне бағындырды. Орта Азия халықтары 
басқыншыларға қарсы сан рет көтерілді, бірақ монғол хандары олардың 
көтерілісін қан-жоса етіп, басып тастап отырды. 
Осы жылдары Жошы әскері қазақтың көп жерін алып, Ертіс, Есіл, Тобыл, Нұра 
өзендерінен өтіп Ұлытауға келіп туын тікті. Орта Азияны шауып болғаннан кейін, 
Шыңғысхан Қыпшақ елімен шекаралас Шығыс Европаны жаулап алуға кірісті. 
Жебе мен Сүбітай баһадурлар басқарған отыз мың әскер бір мың екі жүз 
жиырма екінші жылы солтүстік Иран арқылы Азербайжанды қанға бояды. Енді 
кезек грузиндікі болды. Бес миллионға жуық Грузия халқының жан аямай 
қарсыласуына қарамай, Жебенің құрған айласының арқасында бір күннің ішінде 
отыз мың әскерін қырып, монғолдар солтүстік жағынан Дербентке таяды. Бұл 
арадан өту оңай болмағандықтан монғолдар Ширван шахқа «Сендермен 
бейбітшілік бітім істеуге бірнеше адам ғана келдік» деп кісі салды. Ширван шах 
алдағанды білмей, басты он адамын жіберді. Монғолдар біреуін өлтіріп, қалған 
тоғызына: «Егер де сендердің өлгілерің келмесе жолды көрсетіңдер» деді. Олар 
қорыққанынан Дербенттің қиялы жартас, тұңғиық құзды, ыңғыл-жыңғылды ұры 
сайлары арасымен монғолдарды аман-есен солтүстік Кавказға жеткізді. Солтүстік 


70 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет